Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бап. Әйелдердің жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі



Pdf көрінісі
бет42/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

73-бап. Әйелдердің жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі
кезеңінде денсаулығын сақтау
1. Әйелдер жүктілік кезеңінде, босану кезінде және босанғаннан кейін Қазақстан 
Республикасының аумағында рұқсат етілген әдістерді қолдана отырып, денсаулығын сақтауға 
және көмек алуға құқылы.
2. Жүкті, босанатын және босанған әйелдерге денсаулық сақтау
жүйесі ұйымдарында медициналық, консультациялық және дәрілік көмек
кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемі шегінде беріледі.
3. Жүктілік кезеңінде тексеру, емдеу және медициналық
араласу әйелдің немесе оның заңды өкілінің келісімімен ғана жүзеге
асырылуы мүмкін.
Тексеруді, емдеуді және медициналық араласуды кешеуілдету өз еркін білдіруге 
мүмкіндік бермейтін жағдайдағы не айналасындағылар үшін қауіпті аурудан (аурулардан) 
зардап шегетін әйелдің өміріне қатер төндіретін жағдайларда тексеруді, емдеуді және 
медициналық араласуды жүзеге асыру туралы шешімді дәрігер немесе дәрігерлік комиссия 
қабылдайды.
74-бап. Бедеуліктен емделу
1. Азаматтар денсаулық сақтау ұйымдарында, жеке медициналық практикамен 
айналысатын жеке тұлғаларда қауіпсіз және тиімді әдістермен, соның ішінде Қазақстан 


Республикасының аумағында қолдануға уәкілетті орган Қазақстан Республикасының 
заңнамасына сәйкес рұқсат еткен ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын 
пайдалана отырып, олардың тиімділігін, қолданудың оңтайлы мерзімдері, ықтимал асқынулар, 
медициналық және құқықтық салдарлар туралы толық әрі түбегейлі ақпаратты және олардың 
ағзаға әсер етуіне қатысты өзге де мәліметтерді міндетті түрде ала отырып, бедеуліктен 
емделуге құқылы.
2. Тіркелген некеде тұрған азаматтар ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен 
технологияларын өзара келісім бойынша гана пайдалануға құқылы.
3. Ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын пайдалануға келісім берген 
азаматтар ата-аналардың болашақ баланы тәрбиелеуге және асырауға қатысты тең құқықтары 
мен міндеттеріне ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет