Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бап. Жасанды инсеминация, жасанды ұрықтандыру және



Pdf көрінісі
бет43/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

75-бап. Жасанды инсеминация, жасанды ұрықтандыру және
эмбрионды имплантациялау
1. Әйелдер жасанды инсеминацияға (ұрықтандыру мақсатында жатырға еркектің жыныстық 
клеткаларын жасанды түрде енгізу), жасанды ұрықтандыруға және эмбрионды имплантациялауға 
құқылы.
2. Ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын (жасанды инсеминацияны, 
жасанды ұрықтандыруды және эмбрионды имплантациялауды) жүргізудің тәртібі мен шарттарын 
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
3. Жыныспен байланысты аурулардың тұқым қуалау мүмкіндігі жағдайларын қоспағанда, 
ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын пайдалану кезінде болашақ баланың 
жынысын таңдауға жол берілмейді.
4. Адамның эмбрионын коммерциялық (сатып алу-сату), әскери және өнеркәсіптік 
мақсаттар үшін алуға болмайды.
76-бап. Құрсақ ана (суррогат ана) болу
1. Құрсақ ана (донорлық эмбрион енгізілгеннен кейін ұрықты көтеріп жеткізетін 
әйел) болу құрсақ ана (суррогат ана) мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт бойынша, сыйақы 
төлеп не онсыз бала көтеруді және уақытынан бұрын босану жағдайларын қоса алғанда, бала 
тууды білдіреді.
2. Құрсақ ана (суррогат ана) болғысы келетін әйел шарт жасасуға дейін құрсақ ана 
(суррогат ана) болу әдісін қолдануға шешім қабылдаған адамдарға өзінің дене, психикалық 
және ұрпақты болу денсаулығы, сондай-ақ медициналық-генетикалық тексеру нәтижелері 
туралы толық ақпаратты беруге міндетті. Құрсақ ананың (суррогат ананың) медициналық
соның ішінде медициналық-генетикалық тексеруден өтуіне байланысты материалдық шығыстарды 
онымен шарт жасасатын адамдар көтереді.
3. Балалы болғысы келетін адамдар мен эмбрионды имплантациялау әдісін қолдануға өз 
келісімін берген әйел арасындағы келісім құрсақ ана (суррогат ана) болу шарты болып 
табылады.
Құрсақ ана (суррогат ана) болу шартында:
1) балалы болғысы келетін адамдардың және құрсақ ана (суррогат ана) болуға тілек 
білдірген әйелдің деректері;
2) құрсақ ананы (суррогат ананы) күтуге арналған материалдық шығыстарды төлеудің 
тәртібі мен шарттары;
3) тараптардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі;
4) құрсақ ана (суррогат ана) өзі туған баланы өзімен шарт жасасқан адамдарға 
беруден бас тартқан жағдайда оған қатысты, сондай-ақ осы адамдар баланы алудан бас 
тартқан жағдайда оларға қатысты шарттар мен шаралар;


5) тараптардың келісімі бойынша айқындалатын өзге де шарттар қамтылуға тиіс.
Құрсақ ана (суррогат ана) болу шарты жазбаша нысанда жасалады және нотариаттық 
куәландыруға жатады, құрсақ ана (суррогат ана) болу туралы шарт құрсақ ана (суррогат 
ана) жүктілік режимін әдейі бұзған жағдайда бұзылуы мүмкін.
4. Құрсақ ана (суррогат ана):
1) жүктіліктің ерте мерзімінде (он екі аптаға дейін) медициналық есепке тұруға;
2) ұдайы дәрігердің байқауында болуға және оның ұсынымдарын қатаң орындауға;
3) өз денсаулығының жай-күйін ұдайы қадағалауға;
4) өзімен шарт жасасқан адамдарды жүктіліктің өтуі туралы хабардар етуге міндетті.
Құрсақ ананың (суррогат ананың) өзі туған баланы өзімен шарт жасасқан адамдарға 
беруден бас тартуға, сол сияқты баланы өзге адамдарға беруге құқығы жоқ.
5. Құрсақ ана (суррогат ана) болу әдісін қолдануға шешім қабылдаған адамдар оның 
қолданылуына, сондай-ақ құрсақ ананың (суррогат ананың) жүктілік, босану кезеңінде және 
босанғаннан кейін елу алты күн (асқынған босану немесе екі және одан көп бала туу 
жағдайында - күнтізбелік жетпіс күн) ішінде сауығуына байланысты материалдық шығыстарды 
көтереді.
6. Құрсақ анамен (суррогат анамен) шарт жасасқан адамдар баладан бас тартқан 
жағдайда өздері құрсақ ананы (суррогат ананы) медициналық тексеруге, ұрпақты болудың 
қосалқы технологияларын қолдануға, сауықтыруға жұмсаған материалдық шығыстарды, өзге де 
шығындарды, сондай-ақ сыйақы болған жағдайда, оның сомасын құрсақ анадан (суррогат 
анадан) талап етуге құқығы жоқ.
Құрсақ анамен (суррогат анамен) шарт жасасқан адамдар баладан бас тартқан кезде 
және құрсақ ана (суррогат ана) баланы қабылдаған кезде бұл адамдар құрсақ анаға 
(суррогат анаға) шартта белгіленетін мөлшерде және тәртіппен өтемақы төлеуге міндетті.
7. Құрсақ анамен (суррогат анамен) шарт жасасқан адамдар баладан бас тартқан 
жағдайда аналық құқық құрсақ анада (суррогат анада) болады.
8. Құрсақ ана (суррогат ана) баланы оның ата-анасына бергеннен кейін бұл балаға 
деген барлық құқықтарынан айырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет