ұрпақты болудың қазіргі заманғы қосалқы әдістері мен технологияларын қолдана отырып
емделуге;
6) жыныстық клеткалар донорлығына;
7) контрапепция әдістерін пайдалануға және еркін таңдауға;
8) хирургиялық стерилизациялауға;
9) жүктілікті жасанды түрде үзуге;
10) өзінің ұрпақты болу құқықтарын қорғауға құқылы.
2. Азаматтар өздерінің ұрпақты болу құқықтарын жүзеге асыру кезінде басқа
азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауға міндетті.
3. Қазақстан Республикасында адамды клондауға - генетикалық жағынан бірдей екінші
адамды жасауға тыйым салынады.
4. Азаматтар балалардың санына және олардың некеде немесе некеден тыс тууының
уақытына, туудың арасындағы ана мен баланың денсаулығын сақтау үшін
қажетті аралық
жиілікке қатысты еркін шешім қабылдауға құқылы.
5. Кәмелетке толмағандар ұрпақты болу денсаулығын сақтауға, сондай-ақ имандылық
және жыныстық тәрбие мен білім алуға құқылы.
Кәмелетке толмағандарға жыныстық білім беруді білім беру ұйымдарында арнайы
әзірленген бағдарлама бойынша арнайы дайындықтан өткен адамдар кәмелетке толмағандардың
жынысын, жасын, психофизикалық дамуының ерекшеліктерін
және ата-аналарының пікірін
ескере отырып, жүзеге асырады.
Кәмелетке толмағандарға имандылық және жыныстық білім мен тәрбие беру, ұрпақты
болу
денсаулығын сақтау, оларды отбасылық өмірге дайындау жөніндегі білім беру
бағдарламаларын әзірлеуді білім беру саласындағы уәкілетті
орган денсаулық сақтау
саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып қамтамасыз етеді.
6. Неке қию жасына жеткен еркектер мен әйелдер жыныстық клеткаларын сақтауға
құқылы.
Жыныстық клеткаларды сақтау тәртібі мен шарттарын денсаулық сақтау саласындағы
уәкілетті орган белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: