Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-тарау. Туберкулезбен ауыратын адамдарға



Pdf көрінісі
бет45/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

15-тарау. Туберкулезбен ауыратын адамдарға
медициналық-әлеуметтік көмек көрсету
81-бап. Туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек
көрсету
1. Туберкулезбен ауыратын адамдар міндетті түрде медициналық
бақылауға және емдеуге жатады, тегін медициналық көмектің кепілді
көлемі шеңберінде қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі.
2. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдар міндетті түрде ауруханаға 
жатқызылып, емделуге және оңалтылуға тиіс.
82-бап. Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп
танудың тәртібі
1. Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады, яғни
туберкулездің бактерияларын сыртқы ортаға шығаруына байланысты
қауіп төндіретін науқас деп тануды, зертханалық және құралдық
зерттеулердің нәтижесін ескере отырып, денсаулық сақтау ұйымы жүзеге
асырады.
Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп тану
мақсатында медициналық тексеру жүргізу тәртібін Қазақстан
Республикасының азаматтар денсаулығын сақтау саласындағы уәкілетті
мемлекеттік орган белгілейді.


2. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп танылған азамат денсаулық сақтау 
ұйымының шешіміне оның жоғары тұрған органына немесе сотқа шағымдана алады.
83-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды
мәжбүрлеп емдеуге жіберудің негізі мен тәртібі
1. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге олардың 
дәрігер тағайындаған емдеуден бас тартуы негіз болып табылады.
Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын және емделуден жалтаратын азаматтарды 
мәжбүрлеп емдеу туралы шешімді денсаулық сақтау (органының) органдарының ұсынысы бойынша 
сот қабылдайды.
Ерікті емделуден жазбаша түрде бас тартқан, туберкулездің жұқпалы түрімен 
ауыратын, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босаған азаматтарға соттың шешімімен 
мәжбүрлеп емдеу тағайындалады, бұл үшін босатудан бір ай бұрын түзеу мекемесінің 
әкімшілігі сотқа материалдарды жібереді.
2. Мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы материалдарды, олар келіп түскен күннен бастап 
бес күн мерзімде, сот мәжбүрлеп емдеуге жіберілетін азаматтың және мәжбүрлеп емдеуге 
жіберу туралы ұсыныс енгізген денсаулық сақтау ұйымының немесе қылмыстық-атқару жүйесі 
мекемесі өкілінің қатысуымен қарайды.
3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматты мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы 
сот шешімін орындау атқарушылық іс жүргізу органдарына жүктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет