133
келгенде жасалады,
жеке тай атап, «ашамай» аталатын ер жасатып, қамшы
өргізіп, баланың азамат болғанын танытады [155,44-б.].
Қазақтың ежелгі салттың бірі –
биебау/қымызмұрындық аталады, оның
сөйленістерде –
қымыз мұрын/ қымыз тұрып тәрізді дублеттік қатарлары
бар.
Қымыз – қазақ халқының дәстүрлі сусыны. Қазақ мәдениеті де тілі тәрізді бүкіл
қазақ қауымына ортақ,
біртұтас, дегенмен ұлан-ғайыр қазақ жеріндегі
тұрғындар тілінде аздаған аймақтық сипат көрініс береді.
Қымыз атауының
варианты сөйленістерде кездеспейді, айырмашылық
қымызды қолдануға
қатысты бірен-саран ұшырасады. Таулы Алтайдағы Қошағаш қазақтары тілінде
қымыздау – қымыз ішу үдерісінің атауы «Қазір қымыздап алайық,
сонан соң
сыртқа шығамыз (Тау.,Қош.). Биені сауып, сүтін азық ретінде пайдалану
бастапқыда күнкөріс қажеттілігі болса, дүниетаным кеңейген сайын бие сүтінің
пайдалы қасиеттері де ашылады. Енді қымыздың сусын қызметі маңызды бола
бастады, осыған орай, оның толып жатқан түрі мен қымызды пайдалану
салттары да өмірге келеді.
Достарыңызбен бөлісу: