Отношений и мировых языков имени абылай хана центр корееведения



Pdf көрінісі
бет100/120
Дата14.09.2023
өлшемі3.51 Mb.
#477614
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   120
KSK 9

Keywords: Korean Peninsula, political conflict, South Korea, North Korea, 
declaration, politics, war, international factor, agreement 
Қазіргі таңда бүкіл әлем өзара тығыз байланысты 
болғандықтан, дүниенің кез-келген бөлігіндегі бұрқ ете түскен 


Есеркепова Ж.О. Корей жартыаралындағы саяси қақтығыстардың қалыптасу... 
217 
қақтығыс бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтың экономикасына да, 
саясатына да әсер етеді. ХХ ғасырдың соңғы ширегінде әлемдегі 
ең танымал елдердің біріне айналған – Солтүстік Корея өзінің 
ықпалын Оңтүстік көршісіне және Қиыр Шығыстағы көршілес 
мемлекеттерге ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлемдегі 
халықаралық жағдайларға да ықпалын тигізуде. Кез-келген 
мемлекеттердің негізгі саясаты аймақтық қатынастарға, яғни 
онымен 
шекаралас 
жатқан 
мемлекеттерге 
бағытталады. 
Сондықтан, дүниежүзілік қауымдастықтағы 
бүгінгі және 
болашақтағы жағдайды дұрыс бағалай білу үшін Корей түбегіндегі 
саяси жағдайларға қатысты шынайы көзқарасты саралай білу 
қажет.
Бүгінгі күннің сыртқы саясатында Сирия дағдарысына 
қоса, осы Корей жартыаралындағы жағдай да негізгі мәселе 
болып отыр. Себебі, бұл жағдайлар Солтүстік-Шығыс Азия мен 
Орта Шығыс елдерінің қауіпсіздігіне әсер етуші мәселелер болып 
келеді. 
Әлемдік 
ынтымақтастық 
елдердің 
наразылығына 
қарамастан, КХДР 2016 жылы қаңтар және ақпан айларында 
бірнеше ядролық сынақ өткізген болатын.
Әлемдік саясаттағы аса ірі қақтығыстық аймақтарының бірі 
болып саналатын Корей жартыаралындағы хал-ахуалдың 
ушығуына екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталу кезеңіндегі 
дүниежүзі саяси картасының өзгеріске ұшырауы түрткі болды. 
Әсіресе, Қиыр Шығыс мәселесі әлемдік ірі мемлекеттердің 
назарында болғандықтан Корей жартыаралы Кеңес Одағы мен 
АҚШ арасындағы талас аймағына айналатындығы даусыз еді.
1945 жылы желтоқсанда КСРО, АҚШ, Ұлыбритания Сыртқы
істер министрлерінің Мәскеу Кеңесі Жапонияның тізе бүгу 
шарттарын белгілеген 1945 ж. Потсдам декларациясын жүзеге 
асырудың ұйымдастыру принциптері туралы шешім қабылдады. 
КСРО, АҚШ, Ұлыбританияның, Қытайдың, Францияның, 
Голландияның, Канаданың, Австралияның, Жаңа Зеландияның, 
Индияның, Филиппиннің өкілдерінің Қиыр-Шығыс комиссиясын 
құру және Токиода төрт мүшеден (КСРО, Ұлыбритания, АҚШ, 
Қытай) Жапония үшін Одақтастар Кеңесін құру ұйғарылған еді [1, 
58 б.].
Қиыр-шығыс 
комиссиясы 
Жапонияның 
тізе 
бүгу 
шарттарын орындауының саяси бағытын, принциптері мен жалпы 
негіздерін тұжырымдауға тиіс болды. Бұл жердегі басты назар 
аударылған Кореяның екіге бөлінуінің алғышарттары жасалып 


КОРЕЕВЕДЕНИЕ КАЗАХСТАНА выпуск 9 (2019) 
218 
жатқанын тарихшылар мен саясаттанушы ғалымдар қазір зерттеп 
дәлелдеуде. Корея жартыаралы екінші дүниежүзілік соғыстан 
кейінгі кезеңдегі қақтығыс ошағына айналған жалғыз ғана 
мемлекет емес, десек те бір елдің екіге бөлінуіне және ұзақ 
жылдарға қасіретін шегуге мәжбүр болған бірден бір ел десек 
қателеспейміз. Сонымен, Қиыр Шығыс комиссиясы мен 
Одақтастар Кеңесіне мойынұсынбаған Америка Құрама штаттары 
бұл шешімдерді үнемі бұзып келді. Жапония саясаты Корей
жартыаралына әсерінсіз шешілмейтінін меңзеген АҚШ Қиыр 
Шығыстағы өз ықпалын барынша сақтау мақсатын ұстанды. 
Дүниежүзілік күштердің талабымен соғыстан кейінгі алғашқы
жылдары АҚШ Жапонияда бірқатар реформалар жасауға мәжбүр 
болды. 1946 жылы қазанда жапон парламенті жаңа Конституция 
қабылдап, 1947 жылы 3 мамырда күшіне енді. Императордың 
үкімет билігі едәуір тежелді. Жапония халықаралық даулы 
мәселелерді шешу құралы ретінде соғыс жүргізуден, жер бетінде, 
теңізде, әуеде қарулы күштер ұстаудан бас тартты. Осыған 
қарамастан Корей соғысы Жапония үшін Қиыр Шығыстағы 
державалық басымдыққа ұмтылысына мүмкіндік аша түсті. 1946-
1948 жылдары Токиода жапондардың басты соғыс қимылдарын 
соттаған халықаралық процесс болды. Алайда, 1948 жылдың 
аяғынан бастап, АҚШ жапон монополияларының бағыттарын 
қалпына келтіруге кірісті. Соғыс қылмыстары жаппай ақтала 
бастады. 1950 жылы болашақ жапон армиясының ұясы ретінде 
полицияның резервтік корпусы құрылды. Кореядағы соғыс 
интервенциясы АҚШ Жапониямен бітім шартын тезірек жасауға 
итермеледі. 1951 жылы Сан-Францискода болған конференцияда 
ағылшын-американ көпшілігі Кеңес Одағының Жапонияны 
демократияландыруға бағытталған ұсыныстарын қабылдамады. 
Сондықтан, Кеңес Одағы шартқа қол қоюдан бас тартты. Бір 
жақты бітім шартына 1951 жылы 8 қыркүйекте қол қойылды. 
Мұнымен бірге, жапон-американ қауіпсіздігі туралы шарт 
жасалып, АҚШ Жапония жерінде соғыс базаларын салуға, әскер 
ұстауға құқық алды. 1952 жылы Қиыр-шығыс комиссиясы мен 
Одақтастар советі таратылды. 
Жалпы, саяси қақтығыс - саясат субъектілерінің саяси 
мәртебе мен институттарды, әлеуметтік тәртіпті сақтау немесе 
өзгерту, түрлендіру мақсатындағы билік үшін теориялық және іс-
жүзіндегі күресі болып табылады. Саяси қақтығыс ұғымы 
әлеуметтік-саяси күштердің, саяси қатынас субъектілерінің теке-


Есеркепова Ж.О. Корей жартыаралындағы саяси қақтығыстардың қалыптасу... 
219 
тірестері өтетін ерекше саяси жағдайды білдіреді. Сонымен қатар, 
саясат әлемнің ажырамас бір бөлігі, оның қозғаушы күші. Саяси 
қақтығыстар саяси-мемлекеттік билікті жүзеге асыру мен бөлісу 
үрдісіндегі әр түрлі әлеуметтік-кәсіби, этноконфессиялық және 
басқа да топтар мүдделерінің сан алуандылығынан туындайды. 
Саяси қақтығыстардың шығуы саяси саладағы мәртебелік-рөлдік 
құрылымның сатылығымен байланысты, саяси құқықтар мен 
бостандықтарды бөлудегі теңсіздік, саяси өмірге қатысу 
деңгейлері мен түрлері, саяси мәдениеттегі айырмашылықты 
көрсетуімізге болады.
Корей жартыаралындағы тарихи, мәдени, этникалық, 
әлеуметтік және саяси халықаралық факторлары осы аймақтағы 
жапон экспансиясының қарқынды дамуына белгілі ықпалын 
тигізді. Алдымен, халықтың тарихи, мәдени дамуының 
ерекшеліктеріне назар аударатын болсақ, Корей жартыаралындағы
соғыстың өршуі ел дамуындағы толқулардың алпауыт елдер 
ықпалына тез көшуімен белгілі корей халқы өздерінің дәстүрлі 
дамуын сақтап қалу үшін, барынша оларға қарсы күресті жүзеге 
асырды. Бұл тұжырымдама бойынша корей ұлтының ерекше 
руханиятына және рөліне негізделген соғыс болды. Десек те 
Кореяның соғыс жылдардан кейінгі дамуында оның ішкі саяси 
және саяси жүйесін қарастыру қажет. Корей жартыаралындағы
халыққа державалар милитаризмінен төнген қасірет, елдегі орын 
алған зұлымдық, Корея мен Үндіқытайдағы АҚШ-тың әскери 
акциялары корей халқының барлық топтары арасында өзара 
өшпенді көзқарастың өсуіне әкелді. Бұл жағдай екінші 
дүниежүзілік 
соғыстан 
кейін 
билікке 
келген 
Корей 
жартыаралындағы саясаткерлерінің назарын аударды. Олардың 
пайымдауынша Корей жартыаралындағы теңіз державасына 
таласушы елдер ықпалында болғандықтан, өзінің халықаралық 
мүдделерін қалпына келтіруі үшін АҚШ-пен жақындасуға 
тырысуы керек. Ал мемлекет шетелден әкелінген арзан шикізатын 
пайдалана отырып, барлық мүмкіндіктерін экономикалық дамуға 
бағыттауға тиіс болды. Бұл пікірлер Корей жартыаралындағы 50-
жылдардың басында корей елінің екіге жіктелуіне әкелді. Корей 
жартыаралындағы билік елдердің элитарлық саясаткерлермен 
қатар өз мүдделерін қорғай білуіне қиындык тудырды. Олар сол 
кездегі халықаралық жағдайда Корей жартыаралындағы ішкі 
мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білді. Барлық материалдық, 
моральдық және интелектуалдық ұлт күштері – өнеркәсіптің және 


КОРЕЕВЕДЕНИЕ КАЗАХСТАНА выпуск 9 (2019) 
220 
технологияның дамуына, халықтың өмір сүру деңгейін 
жоғарлатуға ықпал ету мүмкіндігінен айырылу қаупі барынша 
арта түсті [2, 95 б.]. 
Басқа елдермен салыстырғанда Корей жартыаралындағы
салыстырмалы төмен әскери шығындары, өнеркәсіпке жаңа 
технологияларды ендіруге мүмкіндіктің аздығы, ел өнімінің 
бәсекелестік қабілетінің әлсіреуі және оның экономикасының 
тұрақты дамуына кері әсерінің арта түсуі Кореяға ірі державаларға 
тәуелділікті арттыра түсті. Корей жартыаралының соғыстан 
кейінгі дамуында сыртқы фактор маңызды мәнге ие болып 
табылады. АҚШ-пен әскери одақтасу және Жапонияның 
территориясында американдық әскери базалардың орналасуы 
бегілі дәрежеде Корей жартыаралындағы суверенитетіне және 
сыртқы саяси бағытына әсерін тигізіп отырды. Жапония АҚШ-тың 
әскери-саяси стратегиясын қабылдап, одан өзіне қажетті 
шикізатты, жаңа технологияны іргелі білімді алмасуға мүмкіндік 
алды. Жапония АҚШ-қа өзінің өнеркәсіп өнімдерінің 30%-ын 
экспорттады. Бұл Кореяның даму жолындағы және соғыс ошағына 
айналуына бірден бір әсер етуші фактор. Себебі, Қиыр Шығыста 
басымдығын сақтауға ынталы Қытай, КСРО, Жапония, АҚШ 
және тағы басқа елдердің назары Корея еліндегі соғыс өртіне 
қатысу арқылы өз мүмкіндіктеріне жетуге тырысты. Жапонияның 
Кореяға ерекше назар аудару себептері арта түсті.
Кореяның қазіргі кезде екі бөлек мемлекет болып өмір сүріп келе 
жатқаны, осы екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі салдар. КХДР 
үкіметі мен Корей Республикасының үкіметтері де Корей 
жартытүбегіндегі жалғыз заңды үкіметке айналғысы келді. 
Халықаралық келіссөздер арқылы елді бейбіт біріктіру мүмкін 
болмағаннан кейін, ары қарай не істеу керек деген мәселелер 
туындады. Ал Корей жартытүбегінен кеңестік және американдық 
әскерлердің әкетілуі, екі жақ үшін де мәселені түпкілікті шешуге 
итермеледі [3].
БҰҰ-ның көмегімен құрылған Оңтүстік Корея үкіметі өзін 
Корей түбегіндегі заңды үкімет деп бар әлемге жар салды. Бұдан 
БҰҰ Оңтүстіктің Солтүстікке билік жүргізе алатынын заңды түрде 
мақұлдағанын көруге болады. Өйткені, 1948 жылдың 12 
қыркүйегінде 
БҰҰ 
шешіміне 
сәйкес, 
Оңтүстік 
Корея 
Республикасы Корей жартытүбегі мен оған тиісті аудандардың 
заңды үкіметі деп танылды. Осы шешімге сәйкес Солтүстікті 
«коммунистік тап» заңсыз басып алған, сондықтан да Оңтүстік 


Есеркепова Ж.О. Корей жартыаралындағы саяси қақтығыстардың қалыптасу... 
221 
Кореядағы билік басындағылар Солтүстік Кореяны олардан азат 
ету керек деген пікірге келіп тоқталды. Оңтүстік Корея премъер-
министрі Ли Сын Ман Солтүстіктегі территорияны тез арада 
қосып алу жөнінде талай рет мәлімдемелер жасады. 
«Территорияларды қосып алу бейбіт жолмен емес, Солтүстікке 
жасалатын шабуыл арқылы болу керек» - деді Ли Сын Ман. 
Осыны желеу етіп Оңтүстік Корейлік үкімет Солтүстік барлық 
келіссөздерден бас тартып, тек қана АҚШ-тың арағайындығы 
нәтижесінде ғана бас қосуға болады деген сенімде болды. Оңтүстік 
Корея сондай-ақ БҰҰ-ның бақылауымен бүкіл Кореяда сайлау 
ұйымдастырмақ болды. Сондай-ақ, сол кезде Оңтүстік Кореяның 
ішкі жағдайы да нашарлап кетті. Айта кететін болсақ, елде Ли Сын 
Манның билігіне қарсы бас көтерулер, оның ішінде армияда да 
партизандық көтерілістер болып тұрды.
Ал енді КХДР-ға келетін болсақ, Пхеньян өзін Корей 
жартытүбегіндегі халық заңды үкімет, халық сайлаған үкімет 
ретінде әлемге жариялағанын жоғарыда айтып кеттік. КХДР жақ 
Сеулді біріккен Кореяның астанасы деп жариялап, Пхеньянды 
«революциялық Корея астанасы» деп таныды. Солтүстік Кореялық 
үкіметін социалистік елдер «заңды» деп таныды. Ал КСРО болса, 
Солтүстік Кореямен 1948 жылы 12 қазанында-ақ дипломатиялық 
қарым-қатынас орнатқан еді. 1950 жылдың басына дейін әлемнің 
барлық социалистік елдері КХДР мен дипломатиялық қарым-
қатынас орнатты. КХДР социалистік елдермен дипломатиялық 
қарым-қатынас орнатқанын желеу етіп, өзін заңды түрде 
оңтүстікті азат ету мәселесін талқылау жолдарын іздестіре 
бастады. Сонымен қатар, КХДР-дың Жоғарғы жиналысы КСРО 
мен АҚШ-қа жіберген ашық хаттарында, Кореядан әкетілгелі 
жатқан шетелдік әскерлерден кейін де, біртұтас Корея жерінде 
тыныштық орнатамыз делінді [4].
Американдық әскери кеңесшілер Кореяның стратегиялық 
жағдайын сараптай келе, мынандай шешімге келді: Оңтүстік Корея 
Тынық мұхиты аймағында батыстық Сенат жүргізілетін аймақ 
ретінде танылды. Олардың ойынша бұл жағдайда Жапонияны 
Филиппиннің және тағы да басқа Тынық мұхиттың аралды 
елдерінің территорияларын пайдалану керек деп шешілді. 
Кореяның екіге бөлінуі, оның оңтүстік бөлігінің батыс жаққа 
қарайлағаны американдықтар үшін ең дұрыс шешім ретінде қалды. 
Бірақ біртұтас Корея туралы АҚШ-пен КСРО арасында 
келісімшарт бар еді. Ал қытайлықтар мен орыстар біртұтас 


КОРЕЕВЕДЕНИЕ КАЗАХСТАНА выпуск 9 (2019) 
222 
Кореяны коммунистік, ал американдықтар антикоммунистік 
мемлекет ретінде көргісі келді. Сондықтан, орыстар мен 
американдақтар Кореяны әрқайсысы өз мақсатында пайдаланғысы 
келді. КСРО ойынша, «егер де Корея территориясында ашық 
сайлау өткізілсе, оның нәтижесі оңтүстіктегі антикоммунистік 
күштердің пайдасына шешіледі» – деп қауіптенген еді. Дәл сол 
уақытта американдық уақытша әкімшілік Онтүстік Корейлік 
саясаткерлік жағынан қатты сынға ұшырады. Олар негізінен елді 
бақылауды өз қолына алғысы келді. Бірақ, американдықтар елді 
бақылауды олардың қолына бергісі келмеді.
Көптеген сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен 1950-
1953 жылдары Кореяның оңтүстігі мен солтүстік бөлігінде өзара 
соғыс болып, бұл солтүстік пен оңтүстіктің түбегейлі бөлініп, екі 
бөлек даму жолына түсуіне әкелді. Корей елі екіге бөлінген соң, 
бір-бірімен дұшпандық, жауласушылық жағдайында болды. Тіпті 
өзге елдер сынды ел аралық байланыс та орнатудан бас тартты. 
Әрине, бұл жағдай тек екі Корей елінің шешімімен емес, өзге де 
соған мүдделі державалардың араласуымен орнағаны белгілі. 
Осылайша, Солтүстік Корея Кеңес Одағы мен ҚХР-дың 
«көмегімен» өз бетінше дамыды, ал Оңтүстік Корея АҚШ сынды 
ұлы державаның ықпалымен жүрді. Бұрын империалистердің езгі-
сіне түскен көптеген елдер тәрізді Қытайда да күрделі антиимпе-
риалистік, антифеодалдық революциялық процесс қарама-қайшы 
дамымаған қоғамдық қатынастар, әлсіз таптық бөліну жағдайында 
жүрді. ҚХР-дың билік басшыларының оқшаулану саяси бағыты 
ұлтшылдық, ұлттық эгоизм мен шектеушіліктің күшейіп және 
дәстүрлі китаецентристік доктринаның қайта жаңғыруына әкелді. 
Сондықтан да, осы негіздегі идеялар ҚХР-дың сыртқы саясатының 
қалыптасуына ықпал етті [5].
1950 жылдың басына қарай АҚШ Президенті Трумэннің 
әкімшілігі азиялық елдерде демократияны орнату және оны қорғау 
туралы бағдарлама шығарды. Осылайша, американдықтар 
Қытайлық және Кеңестік коммунистерге Азиядағы өз мүдделерін 
қалай қорғайтыны туралы көрсеткісі келді. Негізінен бұл уақыт 
екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемдік істерде кімнің - кім 
екенін көрсеткен уақыт еді. Американдықтар мен КСРО үшін ең 
басты мақсат - Еуропада өз мақсаттарын жүзеге асыру арқылы 
бақылауда ұстау еді. Ал, Азия континенті АҚШ пен КСРО үшін 
екінші орында болды. Азиялық елдердің отаршылдық жағдайдан, 
тәуелсіздікке қол жеткізулері батыс үшін ешқандай жақсылық 


Есеркепова Ж.О. Корей жартыаралындағы саяси қақтығыстардың қалыптасу... 
223 
әкелмейтіндігі белгілі еді. Сондықтан да батыс әлемі КСРО-ға 
қарағанда біршама әлсіз болды. 1950 жылдың ақпанында Кеңес-
Қытай достық және бірлесе жұмыс атқару келісімі, АҚШ 
басшылығы үшін күтпеген жағдай еді. Сонымен қатар, Солтүстік 
Кореяның оңтүстікке басып кіруі, АҚШ мемлекет хатшысы 
Атчисонның мәлімдемесінде қорғаныс сызығы бойында Оңтүстік 
Кореяның жоқ болуы бірден-бір себеп болды. Негізінен айтқанда, 
Солтүстік Корейлік басшылардың жоспары Кеңес және Қытай 
басшылығына алдын-ала белгілі болған еді.
Корей соғысы басталуы алдында аймақтық мәселелерді 
олардың шығу тегін, себептерін сараптай отырып шешуге 
болғанымен, уақыт бәрібір соғысқа әкеп тіреді. Корей соғысы - 
соғыстар арасындағы бірінші де, соңғысы да емес. Бірақ та, Корей 
соғысы біртұтас халықтың екіге бөлініп, жарты ғасырдан астам 
уақыт бір-бірін қаралаумен келе жатқанын тарих беттерінен көре 
аламыз. Корея соғысынан кейін, әлемде «суық соғыс» саясаты 
белең алды. Сонымен қатар, «Корей соғысы» әлемде адам 
шығыны көп болған соғыстар қатарына жатады. Ал соңына 
келгенде Оңтүстік Корея азат етіліп, Солтүстік Корея кедейлікке 
белшеден батты. Ким Ир Сен езгісінде қалды. Екінші дүнижүзілік 
соғыстан кейін «Корей мәселесі» аса ірі шешімін таппаған 
халықаралық мәселеге айналды. Сонымен қатар, «Корей мәселесі» 
қазіргі таңда өте ұшығып тұр. Бұл «Корей мәселесінің» осыншама 
ұшығуы көптеген әлемдік және ішкі корейлік оқиғаларға 
байланысты болып отыр. Өйткені, әлем елдері АҚШ-тағы 11 
қыркүйекте болған террористік актілерден кейін бір-біріне жаңа 
көзқараспен қарап отыр. Екі Корея да соғысқа дейін Жапонияның 
жаулап алған территориялар қатарында болды. Жапонияның 
құзырлығынан азат етілгеннен кейін, Солтүстік және Оңтүстік 
Корея да экономикалық жағынан біршама дамыды. Екі Корея 
арасындағы соғыстан кейін, олардың әрқайсысына КСРО мен 
АҚШ үлкен экономикалық көмек көрсетті [6].
1997 жылдың аяғында Корей мәселесін шешуде Біріккен 
Ұлттар Ұйымы атсалыса бастады. Біріккен Ұлттар Ұйымы бүкіл 
Корея территориясында Бүкіл халықтық сайлау өткізу керек деген 
ұсыныс жасалды. Бұл ұсыныс сол кезде орындалатын іс емес еді.
1948 жылы елдің онтүстігінде сайлау болып өтіп, оның нәтижесі 
заңсыз деп саналды. Өйткені Ли Сын Манның саяси қарсыластары 
оның бұйрығы бойынша қамауға алынған еді. Бұған қарамастан 
батыс Ли Сын Манды Корея Республиканың бірінші Президенті 


КОРЕЕВЕДЕНИЕ КАЗАХСТАНА выпуск 9 (2019) 
224 
ретінде тануға келісім берді. 1949 жылдың маусымында 
американдық әскерлер Корея жарты түбегінен әкетілді. Корея 
солтүстігінде құрылған солтүстік Корея Халық Демократиялық 
Республикасын Қытай, КСРО және тағы да басқа коммунистік 
республикалар таныды. КХДР - дің біріншісі басшысы болып Ким 
Ир Сен тағайындалды. Орыс және американдық әскерлер 
әкетілгеннен кейін, Корей жарты аралында Корей соғысының 
бірінші алғышарты ашылды. 
Корей түбегінің екіге бөлінуі және соған ұқсас қақтығыс 
аймақтарының көптеп белең алу қауіпі екінші дүниежүзілік 
соғыстан кейін әлемдік саяси бағытты реттеу қажеттігін 
туындатты. Европада соғыстың аяқталуымен сыртқы саясатта 
бірінші орынға бейбіт реттеу мәселелері шықты. Шекараларды 
анықтаумен, өзара қатынастарды жөнге салумен басталып 
әлеуметтік және экономикалық міндеттерді шешумен аяқталды. 
Соғыстың аяқталуына екі апта қалғанда Сан-Францискода 
соғыстан кейінгі кезеңдегі халықтардың қауіпсіздік мәселелері 
қарастырылды. Ол жерде БҰҰ-ның құрылуы мен оның 
жарғысының жасалуы бойынша конференция өтті. Жарғы БҰҰ 
мүшелерін бейбітшілікке, қауіп-қатердің алдын алу мен жою үшін 
және агрессия әрекеттерін басу үшін және халықаралық құқық 
әділдігінің принциптерімен сәйкес бейбіт жолмен халықаралық 
дауларды шешуде «тиімді ұжымдық шараларды»қабылдауға 
міндеттеді. Бұл әлемдік саяси таластарды реттеуге бағытталған 
қажеттілігі мен шешім қабылдау күші басымдықтағы ұйым болып 
құрылғанымен 
де 
екі 
Корей 
мәселесіне 
келгенде 
ірі 
державалардың ықпалындағы аймақтар болғандықтан шешім 
қабылдау күші КСРО мен АҚШ–қа тәуелділігі сақталып қала 
берді. Себебі қолданыстағы жарғыны өзгертуге құлықсыздық 
танытқан елдер қатарында Қиыр Шығыс мәселелерін оңды 
пайдалануға ынталы елдер көп болды [7].
Екі Корей соғысы үш жылдан кейін аяқталды деген ресми 
атауы болғанымен бүгінгі күнге дейін шешімі қиын қақтығыс пен 
шиеленісті бастан кешуде. Мәселен Ассамблеямен қабылданған 
бейбітшілік туралы дауларды бейбіт жолмен шешу және 
бейбітшілікті нығайтудағы халықаралық ынтмақтастық туралы 
негізгі резолюциялармен декларацияларға келесілер кірді.

1957 ж. мемлекеттер арасындағы бейбіт және татулық 
қатынастар 
туралы 
резолюция, 
ол 
жерде 
келіспеушіліктерге қарамастан мемлекеттер арасындағы 


Есеркепова Ж.О. Корей жартыаралындағы саяси қақтығыстардың қалыптасу... 
225 
достық ынтмақтастық пен бейбіт қарым-қатынасты дамыту 
қажеттілігі атап өтіледі; 

1965 ж. мемлекеттің ішкі істеріне араласуға жол бермеу, 
олардың тәуелсіздігі мен егемендігін қорғау туралы 
декларация; ол жерде Жарғының принциптеріне қайшы 
келетін және жалпы бейбітшілікке қауіп төндіретін 
осындай араласудың барлық формалары айтлады;

БҰҰ Жарғысына сәйкес мемлекеттер арасындағы достық 
қатынастар мен ынтымақтастыққа қатысты 1970 жылғы 
халықаралық құқық принциптері туралы Декларация, ол 
жерде 7 принцип белгіленген, оның ішінде әр елге қарсы 
күш қолдануға жол бермей және мемлекеттер өзінің 
халықаралық дауларын бейбіт жолмен шешу принциптері 
кіреді;

1974 ж. агрессияны анықтау, ол жерде агрессиялық 
әрекеттердің барлық түрлерінен бас тарту және Қауіпсіздік 
Кеңесіне агрессиялық әрекеттің бар болу жағдайында 
анықтаманы басшылыққа алу ұсынылады; 

1977 ж. халықаралық шиеленісті бәсеңдетуді тереңдету 
мен нығайту Декларациясы, ол жерде мүше-мемлекеттер 
халықаралық шиеленістердің себеп-салдарын жоюға қол 
жеткізу үшін бел байлағандығы туралы мәлімдеме 
жасайды және халықаралық бейбітшілікті қамтамасыз 
етуде және БҰҰ рөлін нығайту туралы айтылады; 

1981 жылғы интервенция және мемлекеттердің ішкі 
істеріне араласуға жол бермеу туралы Декларация, ол 
жерде 
Ассамблея 
халықаралық 
бейбітшілік 
пен 
қауіпсіздікті орнату, қамтамасыз ету және нығайту 
мемлекеттердің еркіндігіне, теңдігіне өзін-өзі анықтауда 
тәуелсіздігін және егемендігін құрметтеуге негізделгені 
туралы жәйтті еске алады.

1970 ж. халықаралық қауіпсіздікті нығайту туралы 
Декларация, ол жерде дауларды бейбіт шешу үшін 
Жарғыда көрсетілген әдіс-тәсілдер мен амалдарды толық 
қолдануға мүше-мемлекеттер шақырылады; 

1981 ж. ядролық апаттың алдын алу туралы Декларация, 
яғни, әлемді ядролық апатқа итермелейтін әр әрекет 
адамгершілік, мораль, заңдылықтар мен Жарғының жоғары 
мұраттарына сәйкес келмейтіні туралы айтылады; 


КОРЕЕВЕДЕНИЕ КАЗАХСТАНА выпуск 9 (2019) 
226 

1982 ж. халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу 
туралы Декларация, ол жерде дауларды бейбіт жолмен 
шешу және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті 
қамтамасыз етуде БҰҰ тиімділігін арттыру маңыздылығы 
мойындалады; 

1987 ж. халықаралық қатынастарды күш көрсету немесе 
оның қолданудан бас тарту принципінің тиімділігін 
күшейту туралы Декларация, онда мемлекеттердің саяси, 
экономикалық, әлеуметтік немесе мәдени одақтық 
жүйелерінен тәуелсіз сипаты және міндетті күші бойынша 
бұл принцип әмбебап ретінде жарияланады және сол 
принцип 
мемлееттерді 
өздерінің 
халықаралық 
қатынастарын өзара түсіністік, сенім, құрметтеу және 
ынтымақтастық негізінде құруға шақырады. 

1988 ж. халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп 
төндіретін даулар мен жағдайлардың алдын алу мен жою 
туралы Декларациясы. Мұнда даулардың пайда болуы мен 
шиеленісуін халықаралық құқықтан туындайтын өздерінің 
міндеттемелерін 
орындау 
арқылы 
алдын 
алуына 
мемлекеттерді шақыратын БҰҰ рөлі және мемлекеттер 
өздерінің қатынастарын егемендік теңдігінің негізінде 
дамыту айтылады. 
Осылайша, Корей шиеленісі жоғарыда аталған БҰҰ
ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің баптарының орындалу тиімділігін 
арттыруға бағыттас бола тұра ұзақ жылдарға шешімі қиын мәселе 
ретінде сақталып келді және БҰҰ-ның, оның ішінде, Қауіпсіздік 
Кеңесі, аймақтық келісімдерін және механизмдерін кеңінен 
пайдалануға мүмкіндік беретін бағыттардың да еншісінде [8].
1980 жылы Ассамблея Сан-Хосе қаласында бейбітшілік 
университетінің құруынан кейін де Оңтүстік және Солтүстік Корея 
шиеленісі БҰҰ шешімдеріндегідей соғыстың пайда болуын алдын-
алу үндеуі мен жауласушы тараптарды қаруға сүйенбей 
келіссөздер үстеліне отыруға көндіру және бейбітшілікті қалпына 
келтіру немесе шиеленістердің пайда болу жағдайында соғыс 
әрекеттерін тоқтату үшін жиі жүгіну жолдарын таңдауға 
мәжбүрледі. Корей түбегі іс-әрекетінде сәтсіздіктер мен қателіктер 
болуына қарамастан БҰҰ әрдайым өзін ұйым ретінде әрекет Корей 
мәселесіндегі бейбіт шешім табу жолдарын дамыта береді. Оның 
негізгі міндеті Корей жартыаралында бейбітшілікті орнату мен 
қамтамасыз ету. Шиеленістерді алдын алу немесе жоюдың әдістері 


Есеркепова Ж.О. Корей жартыаралындағы саяси қақтығыстардың қалыптасу... 
227 
мен тәсілдері әртүрлі формаларға ие болды. Кейбір шиеленістерде 
Біріккен Ұлттар Ұйымы бейбітшілікті қамтамасыз етуде қарулы 
күштердің бақылаушы миссиялары немесе фактыларды анықтау 
миссиясы. Қауіпсіздік Кеңесі немесе Бас Ассамблея жіберетін,
қайырымды қызметтер миссиялары, татуласу, делдалдар және 
арнайы өкілдерінің көмегімен әрекет ету жолдарын да 
қарастырады. Басқа жағдайларда ол келіссөздер мен талқылаулар 
үшін форумды қамтамасыз ету және «тыныш дипломатия» үшін 
арна ретінде қызмет етуші фактордарды да пайдалануға дайын. 
Алайда, ертеде қол жеткізген келісім 2010 ж. Ли Мен Бактың 
қатысымен жоққа шығарылды. Ал 2013 ж. сәуір дағдарысы 
ҚХДР-дың 1953 жылғы Келісім мен 1991 құжат ережелерін 
орындаудан бас тартуға әкеп соқтырды. 2013 жылдың 8 
наурызында ҚХДР үкіметі Оңтүстік Кореямен жүргізілген Бітім 
шартты жойды. 2013 ж. 29 мамырда КХДР Оңтүстік Кореяға бітім 
шартқа қол қоюды ұсынды. Корей соғысы Салқын соғыс 
уақытында болған жалғыз қарулы қақтығыс болды және келесі 
қақтығыстардың алғы шарты болып, жергілікті соғыстың үлгісін 
құрды. Қос мемлекеттің де 80 %-дан астам өнеркәсіптік және 
транспорттық инфрақұрылымы бұзылды. Соғыстың аяқталуымен 
жартыарал сол қалпы екіге бөлінген қалпы қалды. Қос аймақта 
сәйкесінше КСРО мен АҚШ үстемдік құрды. Бұл соғыс қос 
державаның шектеулі аумағында, атом ядросын қолдану қаупі 
қалыптасқан қақтығыс сипатында болғандықтан әлемдегі аса ірі 
қақтығыс аймағы ретінде әлі сақталып келеді. 
Жалпы екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңдегі 
Корей қақтығысы бүгінгі таңдағы өзекті саяси жанжал тақырыбы 
болып қала беруде. Корей жартыаралындағы бұл саяси мәселе 
әлемдік саяси орыны ұзаққа сақталып, нәтижесі болашақтың 
еншісіне қалдырылған қақтығыс ретінде белгілі. Корей 
жартыаралындағы соғыс басталуы да жедел, аяқталуы да әлемдік 
алпауыттардың қатысуымен болғандықтан тарихта сипатталуы да 
күрделі шешімдерімен ерекшеленетін бірден бір қақтығыс болып 
саналады. 
Бұрынғы жүйені енді мүлдем жаңаша формада 
қалыптасқан халықаралық қатынастардағы жаһандық және 
аймақтық мәселелер ауыстыра бастайды. Соның ішінде, Корей 
жартыаралындағы қауіпсіздік мәселесі де негізгі факторға 
айналды. Сонымен қатар, бұл мәселеге әлемдегі ірі державалар 
АҚШ, Ресей және ҚХР назарында болып отыр. Бүгінгі күні Корей 


КОРЕЕВЕДЕНИЕ КАЗАХСТАНА выпуск 9 (2019) 
228 
жартыаралында әлемдік ынтымақтастықтағы қауіпсіздік үшін 
дәстүрлі және жаңа қауіп төніп отыр. Себебі, олар 1950-1953 жж. 
Корей соғысының салдары болып табылады. Бұл соғыстың 
нәтижесінде Кореяны Оңтүстік және Солтүстік Корея ретінде екіге 
бөлінушілікке әкелген болатын. Екі мемлекеттің бір-бірімен 
келіссөздері болғанымен заңды тұрғыда бейбіт келісім деп айтуға 
болмайды. Корей жартыралында ірі құрлық әскерлерінің топтары 
мен басқа да әскери күштер екі жауласқан мемлекеттің басқа да 
құрал күштері болуымен қатар, шетелдік әскери базалар да 
сақталып отыр. Сондықтан, Корей жартыаралы әлемдік 
ынтымақтастықтың назарын ядролық қару-жарақтың болуымен де 
аударып отыр.
Ал 2018 жылдың саяси жаңалықтарының бірі Солтүстік 
Корей Халық Демократиялық Республикасының басшысы Ким 
Чен Ын мен Оңтүстік Корея Президенті Мун Чжэ Иннің кездесуі, 
олардың ортақ Декларацияға қол қоюы болды. Бұл құжат екі ел 
арасындағы саяси жағдайды ресми айғақтайтын бейбіт келісімнің 
бастауы болмақ. Олар 1953 жылдан бері тек уақытша бітімге 
отырып келген еді. Жергілікті арналардың хабарлауынша, 
Декларацияда Корей жартыаралын ядролық қарусыздандыру және 
Пхеньян мен Сеул арасындағы теміржол байланысын түйістіру 
мәселесі де қарастырылған.
Сонымен, Корей жартыаралындағы шиеленіскен жағдайға 
қарамастан, мұнда динамикалық күштер балансы қалыптасып 
отыр. Сондықтан, жақын арада ірі державалар тарапынан 
қалыптасқан жағдайдан тыс қауіпті әрекет етуі мүмкін емес. 
Алайда, «күш қолдану қаупі» тактикасын қолданатын Кореяның 
қарсыластары ондай кепілдік бере алмайды. Корей түбегіндегі 
қақтығыс аумақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ең алдымен 
оның экономикалық дамуына кері әсері үлкен болмақ. Яғни, 
Азияның қауіпсіздігі оның экономикалық дамуымен анықталады. 
Аталған аймақта екі ел де экономикалық қана емес, сонымен қатар 
саяси және дипломатиялық істерде маңызды рөлге ие болуы сөзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   120




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет