КОРЕЕВЕДЕНИЕ КАЗАХСТАНА выпуск 9 (2019)
210
сөзге
дейін сығымдалды, ал
저 개인적으로도 그 의미가 깊습니다
(
жеке басым үшінде де маңызы үлкен) бөлігі «мен үшін маңызды»
деп аударылды. Ілеспе аудармашы лексикалық сығымдау
стратегиясын сәтті орындады деп есептейміз.
Келесі сөйлемдегі
지금 여러분이 계신 이 곳
(
Қазір сіздер
жүрген бұл жер) бөлігінде ілеспе аудармашы түсіру
тәсілін
қолданды. Оны да дұрыс қолданды деп айлаймыз. Біріншіден, бұл
бөлік маңызды мәліметті жеткізетін сөз бөлігі емес, артық ақпарат
болып табылады. Ал екіншіден, келесі басталатын «Че Джу» сөзі
жер атауы, яғни, түсірілген
«
Қазір сіздер жүрген бұл жер» деген
бөлігін айқындайды.
Жалпы алғанда, корей тілі өзге тілдерден енген кірме
сөздердің көптігімен сипатталады. XX ғасырдың соңында корей
тіліне енген кірме сөздердің саны ұлғайды.
Олардың арасында
әсіресе, ағылшын тілінен алынған сөздер жиі кездеседі. Осылайша,
халықаралық кездесулер мен келіссөздерде және т.б жерлерде
терминнің корей тілінде эквиваленті бар болағанымен де,
ағылшын тіліндегі нұсқасы қолданыла бастады. Ескеретін тағы бір
жайт, мұндай кірме сөздер (англизмдер) корей тілінің
фонетикасына дағдыланған [16]. Күнделікті сөйлегенде де,
бұхаралық ақпараттарда да, сонымен қатар саяси және
экономикалық дискурста да англизцизмдардың көбейгені
байқалады. Ал, кейбір қажеті шамалы
кірме сөздердің корей
тілінде эквиваленті болғанымен де, қолданыстан шықпай тура сол
сөздердің
корей
тілі
эквиваленттердің
орнына
көптеп
қолданылады. Оның себебін көптеген ғалымдар жаһандану
үрдісімен байланыстырады. Сонынмен қатар, ағылшын тілінің
халықаралық бизнес тілі болып саналатындықтан,
көптеген
тілдерде ағылшын тілінің сөздері кірме сөздерге айналған деп
түсіндіреді. Мысал ретінде бірнеше сөйлем келтірдік.
1)
Корей тіліндегі мысал:
«
지금 세계 GDP의 77%를 차지하는 교역 상대국이 우리와
FTA를 체결하고 있습니다.»
Қазақ тіліндегі аудармасы:
«Қазір әлемдік ЖІӨ (жалпы ішкі өнімнің) 77% - ды иеленіп,
сауда серіктестер мен корея мемлекеті арасындағы еркін сауда
туралы келісімді қабылдау үстіндеміз.»
Бұл мысалдағы
GDP (gross domestic product) және
FTA
(
Free
Trade Agreement
) сөздері – англизмдер; корей тілінде
эквивалнті
국내 총생산
және
자유 무역 협정
болар еді.
Амангелді А.М. Ілеспе аударма барысында сығымдау стратегиясын...
211
2)
Корей тіліндегі мысал:
«신산업,신기술 분야에 대한 R&D투자 확대와 과감한 규제
개선을 적극 추진하겠습니다 .»
Қазақ тіліндегі аудармасы:
Достарыңызбен бөлісу: