КОРЕЕВЕДЕНИЕ КАЗАХСТАНА выпуск 9 (2019)
212
адекватты аударылып, тыңдармандарға дұрыс жеткізілуі болып
табылады. Қазіргі кездегі өзекті стилистикалық тәсілдерге
келесілерді жатқызуға болады: метонимия, оксюморон, ирония,
сарказм, эпитет, метафора, салыстырулар, гипербола. Ал, бұл,
сонымен қатар, мәтінде көптеп
мақал-мәтелдердің болуымен
сипатталады және көп жағдайда олар жағымсыз, негативті
мағынада кездеседі. Зерттеушілердің бір қатары аудармадағы
қиындықты көптеп туғызатын стилистикалық тәсілдердің бірі
метафораларды бірінші орынға шығарады.
Мысалы:
Негізгі нұсқа:
«그동안 북한은 남북 관계가 경색될 때마다 수시로 대남핵
공격을 언급하면서 우리 측을 위협 해왔습니다
».
Толық аудармасы:
«Осы уақытқа дейін екі мемелекет арасындағы қарым
қатынас тығырыққа тірелген сайын, Солтүстік Корея ядролық
қару шабуылымен қауіп төндіріп отырды...»
Сығымдау қолданылған аударма:
«Екі мемелекет арасындағы қарым-қатынас қиындаған
сайын, біздің мемлекет ядролық қауіп-қатерді сезіп келді»
Бұл жерде спикер
бейнелеуіш метафорасын
«관계가
경색되다
»
– («инфаркт», «тоқырау», «тығырық») – «қарым
қатынасы тығырыққа тірелді » колданды. Алайда, оны аудармашы
сығымдау стратегиясын қолданып, аударған кезде «қарым қатынас
қиынадаған сайын» деп өзгертіп, семантикалық сығымдау
стратегиясын қолданылған болатын, яғни, сөйлеушінің эмоциялық
ынтасына зақым келтірмей сығымдауды қолданылды.
Келесі мысал:
Негізгі нұсқа:
«우리 기업들의 피 땀 흘린 노력을 헌신짝처럼 버린 것과 다를 바
없습니다
».
Толық аударма:
«Біздің ұйымдардың қан мен тер арқылы келген
ыждаһаттары тозған аяқ киім секілді лақтырылып жіберілді... »
Сығымдау қолданылған аударма:
«Біздің ұйымдардың аса қатты ауырпалықпен келген
ыждаһаттары тозған аяқ киім секілді лақтырылып жіберілді... »
Берілген
мысалда
екі
экспрессивті
бейнелеуіш
метафоралар
«피땀 흘린 노력»
(«қан мен тер арқылы келген
ыждаһаттар) және
«헌신짝처럼 버린것»
(«тозған аяқ киім секілді
Амангелді А.М. Ілеспе аударма барысында сығымдау стратегиясын...
213
лақтырылды») қолданылды. Екі метафора да Солтүстік Кореяға
деген
негативті, жағымсыз ынтасын білдіріп тұр. Бірінші
метфорада компанияның аса қатты қиындықпен келген барлық
ыждаһаттар, оңайлықпен жоққа шығарылған деп екінші
метафорада айтылады. Осылайша, берілген сөйлем бөлігінде
Оңтүстік Кореяның азамттарының санасында Солтүстік Корея
туралы жағымсыз бағаны байқауға болады [17,37-б]. Алайда,
аудармашы сығымдау барысында бірінші метафораны ғана
сематникалық сығымдауға ұшыратқан болатын. Ал екіншісінде
сығымдауды
қолданбай тура аударып, жеткізді. Яғни, екінші
метафораны сығымдауға ұшыратпай-ақ аударуға тура келді,
себебі бұл жерде теңеу қолданылғандықтан және қазақ тілінде
сығымдауға келмейтіндіктен, сол қалпында аударылды.
Ал кей жағдайларда ақпаратты жоғалту мәселелері де
туындайды. Бұған да себеп ретінде спикердің жылдам қарқынмен
сөйлеуін, уақыт тапшылығын жатқызуға болады. Сондықтан
аудармашы кейде қысқартулар жасап, аударманың мазмұнына
зақым тигізеді. Ондай жағдайларда сығымдау стратегиясымен
шатастыру қате болады. Сығымдау стратегиясына тек қана кейбір
элементтер ғана ұшырайтынын
ескерген жөн және сығымдау
дегеніміз сөйлеушінің алғашқы коммуникативті мақсатына зақым
келтірмей, аударманың көлемін біршама азайту екенін де естен
шығармаған
жөн.
Бұл
жерде
«сөйлеушінің
алғашқы
коммуникативті мақсатына зақым келтірмей» деген анықтаманың
үзіндісі маңызды болып тұр. Сондықтан аударма барысындағы
қолданылатын сығымдау стратегиясын ақпаратты жоғалтумен
шатастрыуға болмайды. Әрине, аудармашының аудармасы әр
кезде эквивалентті бола бермейді, себебі кейде барлық аударма
бірліктерінің екі тілдегі эквивалеттілігі мағынасы жоқ аудармаға
алып келеді. Бірақ аударманың сапасын бағалау мақсатында, оның
адекваттылығына аса көңіл бөлінеді. Ал
маңызды ақпараттың
жоғалуы – аудармашының ақталмаған әрекеті ретінде саналып,
аударманың адекваттылығын біршама төмендетеді.
Сонымен, сығымдау стратегиясының құбылысы бірқатар
психологиялық және лингвистикалық салдарынан туындайды,
атап айтқанда, аудару барысында алдыңғы сөйлеудің маңызды
мәліметтен тұратын өзегі ғана аударылып, ал семантикалы артық
ақпарат аудармашымен айтылмайды. Ауызша аударма барысында
алпыз пайызға жуық ақпараттың жеткізілмеуі нормалы болып
саналады. Мәліметтің соншама азайғанына
қарамастан берілетін
КОРЕЕВЕДЕНИЕ КАЗАХСТАНА выпуск 9 (2019)
214
ақпараттың маңыздылығы мен мағынасы тұрақты тындаушыға
жеткізіледі. Сығымдау старегиясы ілеспе аудармашылармен жиі
қолданса керек, сондықтан оны ілеспе аудармашының “оң қолы”
десек те қателеспейміз.
Достарыңызбен бөлісу: