КОРЕЕВЕДЕНИЕ КАЗАХСТАНА выпуск 9 (2019)
200
аударма деген атауға ие болды [1, 20-б].Әйгілі аудармашыларды
оқыту әдістемесі және теория
аудармасы жөніндегі маманы
В.Комисаров «ілеспе аударма – іс жүзінде аратордың сөйлеген
сөзімен (2-3 секунд қалумен) қатарласа, ілісе аударманы айтатын,
ауызша аударманың бір түрі» деп анықтама берсе, [2,98-б] соған
сәйкес анықтаманы зерттеуші А.Ширяев бере отырып, ілеспе
аударма – бастапқы мәтінмен қатарласа аударма мәтінін айтатын,
ауызша аудармашының қызметінің бір түрі деп сипаттайды [3,24-
б]. Профессор Чернов ілеспе аударма қызметін өңделетін ақпарат
көлемінің қатал шектелуі және уақыт тапшылығы жағдайында
орындалатын аударма деп түсіндіреді [4,54-б]. Ал, В. Бенедиктов
ілеспе аударманы аудармашының
арартордың сөзін бір тілден
тоқтаусыз қабылдап, екінші тілде мағынасын жеткізудің
үйлесімділігі деп анықтайды [5, 97-б].
Әдетте, ілеспе аударма белгілі техникалық сүйемелдеу
арқылы орындалады. Аудармашы ілеспе аудармаға арналған
кабинада отырып, спикердің даусын құлаққап арқылы естіп,
аудитория
тыңдармандарына
тарататын
аударма
мәтінін
микрофонға айтады. Осындай техникалық құралдар арқасында
аудармашының өз даусы спикердің сөздерін естуге кедергі
келтірмейді. Ілеспе аудармашы бөлек арнайы кабинада отырып,
ілеспе
аударма қызметін атқарып, кездесу үдерісінде тікелей
қатысып отырса да, толыққанды кездесудің мүшесі болып
байқалмады. Професор Чернов ілеспе аудармашының қызметі іс
жүзінде байқалмаған жағдайда сәтті өтеді. Ілеспе аудармашының
неғұрлым өзінің жеке даралығы көрінбесе, соғұрлым аудармасы
дәл болып, ал сөйлеу мәнері сабырлы әрі анық болады. Сонымен
қатар неғұрлым
аудармашы көзге көрінбейтін, байқалмайтын
болса, соғұрлым аудитория коммуникациясы табиғи болып келеді
деп жазады [6,4-б]. И. Кристоффелс пен А. Де Грут өздерінің
«Ілеспе аударма және оның танымдық перспективалары» атты
мақалаларында ілеспе аударманы бір мезгілде әр түрлі үдерістер
жүретіндіктен ойға кіріп, шыға алмайтын ең қиын тілдік міндет
деп айта кете, аудармашы тоқтауыз жалғасып тұратын ақпарат
ағымын бір мезгілде қабылдап,
ойша аударып, аударма тілге
жеткізуі тиіс. Ал одан бұрыңғы ақпарат бөлігі тыңдаушыларға
анық аударылып, айтылуы керек деп ілеспе аударманың
күрделілігін сипаттайды [7, 454-б].
ІА, сөзсіз, күрделі танымдық белсенділікті талап
етеді. Соның салдары ретінде, әр түрлі танымдық қызметтерге
Амангелді А.М. Ілеспе аударма барысында сығымдау стратегиясын...
201
әсер етеді.
Біздің ойымыз бойынша, аударма үдерісінде келесі
элементтер байқалады: ақпаратты ТТ-де қабылдау (тыңдау);
естілген мәлімет ой елегінен өткізіледі (түсіну, ұғыну); ақпарат
түсініп, ұғынмен қатар аудармашының басында әр түрлі үдерістер
жүреді (аударма стратегияларын таңдау, стратегияларды жүзеге
асыратын амал, әдістерді таңдау, аударылып қойылған спикердің
сөз бөлігінің талдануы, жіберілген қателерді түсіну); бастапқы
тілде тыңдалған мәлімет тыңдармандарға таратылады (сөйлеу);
сонымен қатар, осы үдерістермен қатар
ілесе бір уақытта мәліметті
аударма тілге айналдырылады (аудару); өз сөйлеу мәнерін бақылау
тиіс (сөйлеу мақамы, ырғағы); спикердің келесі айтқан мәліметін
аударар алдында оны ұмытпай (есте сақтау қабілеті). Осының
барлығы бір уақытта орындалады.
Профессор Вон ДжонгХва да өзінің мақаласында
танымдық(когнитивті) үдерістерді атап өте, ілеспе аударманың
анықтамасын берді. Ол «
Спикер өзінің алғашқы сөздерін айта
Достарыңызбен бөлісу: