КОРЕЕВЕДЕНИЕ КАЗАХСТАНА выпуск 9 (2019)
202
фонологиялық және синтаксистік айырмашылықтарға ие. Мысалы,
корей тілі мен қазақ тілі жұпратырын алатын болсақ, онда бірқатар
лингвистикалық типологиялық ұқсастықтарды таба аламыз. Екі
жұп
тілдер де агглютинативті, номинативті және корей тілі де
қазақ тілі де алтай тілдері тобына кіреді. Ілеспе аудармашыға
сөйлемді түсініп, аудару үшін етістікті есту маңызды болып
табылады. Ал, корей тілінде де қазақ тілінде де етістік сөйлемнің
соңында келеді. Яғни, аудармашы сөйлемді аудару үшін, етістіктің
айтылуын күтетіндіктен, спикердің сөйлеу ырғағынан сәл артта
қалады. Корей тілі мен қазақ тілі жұбына келетін болсақ, бұл жер,
жоғарыда айтылып кеткен лингвистикалық ұқсастықтарының
негізінде, спикердің сөйлеу ырғағынан аса қатты артта қалушылық
байқалмайды деген тұжырымдамаға келдік.
ІА анықтамалары әр зерттеушіде
сәл өзгеше болып
келгенмен, олардың барлығы бір ойға келіп тоқталады. Ілеспе
аудармашы қызметі күрделі және аса қиын үдеріс: ақпаратты
қабылдау (ТТ-де) мен жеткізу параллельді (бір мезгілде тыңдап
сөйлеу) жүре отырып, сонымен қатар, оны сол мезетте АТ-ге
аударады, уақыт тапшылығы тең емес жағдайлар (спикер
алдын
ала дайындаған сөзін оқып, айтқан кезде, аудармашының оны
тыңдап қабылдап, аудиторияға АТ-де жеткізуі, спикердің сөйлеу
ырғағын бақылай алмауы және аудару барысында қатесін түзей
алмауы) деп сипаттайды. Ілеспе аудармашы аударма барысында
көмекші
құралдарды, анығырақ айтатын болсақ, сөздік немесе
алдын ала сол тақырыпқа байланысты дайындап қойған
аудармаларды қолдану мүмкіндіктері мүлдем жоқ. Яғни, ілеспе
аудармашы тек өзінің жинақтаған білімі мен тәжірибесіне сене
алады. Осыдан ілеспе аударманың басқа аударма түрлерінен
өзгешелігін байқауға болады. Ғалым Ә.
Тарақов ілеспе
аударманың күрделілігін танытатын төмендегідей белгілерді атап
өтеді: а) бір мезгілде тыңдап әрі сөйлеу қажеттілігіне байланысты
туындаған психофизиологиялық дискомфорт; ә) баяндамашы не
жарыссөзге шығушының микрофондағы сөзінің қайталанбауына
қатысты психикалық кедергі. Өйткені, баяндамашыны тоқтатуға,
болмаса түсінбеген, не қалып қалған
сөзін қайталап сұрауға
болмайтындығы; б) аударманың қайталанбауына және үлкен
аудитория тыңдаушыларына байланысты психикалық кедергі.
Аудармада қателескенді қайта түзеуге болмайтындығы әрі кешірім
сұрауға келмейтіндігі; в) сөз сөйлеудің жылдамдығына
байланысты психофизиологиялық кедергі [10, 36-б].
Амангелді А.М. Ілеспе аударма барысында сығымдау стратегиясын...
203
ІА-да аударма стратегияларды қолдана білу маңызды
болып табылады. Әрине, ІА барысында кезкелген ақпататты таза
дәл күйінде жеткізу мүмкін емес. Сондықтан, ІА-ныңжұмысының
тиімділігін арттырып, спикермен бірізділікті
сақтау мақсатында
ілеспе аудармашы саналы не саналы емес түрде түрлі амал-
тәсілдерді, яғни, аударма стратегияларын қолданады. Негізінде,
Достарыңызбен бөлісу: