206
жерлері бұрынғы иесіне қайтарылады. Елу жылда ӛзгерген ха-
лық, Құдайдың еркімен бостандыққа шығады және еркін болған
кездегі қалпына келеді. 12 бірліктен тұратын цикл тәулікті, 30
тәуліктен тұратын цикл айды, 12 айдан тұратын цикл жылды, 12
жылдан тұратын цикл мүшелді құрайды, ал 5 мүшелден тұратын
цикл толық мүшел деп аталатын және ӛзі шексіз қайталанатын
60 жылдық айналымнан тұрады.
Күнтізбедегі кіші циклдер – тәулік, ай, жыл, мүшел. Олар
тірі адамның ӛмірінде кездеседі. Ал, толық мүшелдің
айналы-
мын бір ӛмірде кӛру мүмкін емес.
Тенгриан күнтізбесінде олардан басқа 180 және 360 жыл-
дық үлкен циклдер адам ӛмірінен ұзақ болғандықтан – ол Ха-
лықтың, аруақтардың және Тәңірдің уақыты деп есептеледі.
Уақыт ӛзінің кіші және үлкен шеңберімен айналған сайын,
ондағы кіші және үлкен оқиғалар – күннің
шығуы мен батуы,
кӛшу мен орнығу, жұт пен тоқшылық,
соғыс және бейбітшілік
кездер қайталанып тұрады. Ұзақтығы мен уақыт спиралінің са-
пасы әртүрлі бітпейтін айналыс (қозғалыс) кӛшпенділер ӛміріне
ғарыштық сезім енгізіп, оны бір уақытта бірнеше параллель
ӛмірге қатысты – жеке ӛмірдің ӛткенін бір сәттік, халық ӛмірін
бітпейтін аруақтар әлемі мен Тәңірді мәңгілік қылды. Осылай,
ӛмірді бірге оралған бірнеше сатыда, уақыт ағымында иерархия-
ланғандығы олардың поэзиясы мен орнаментіне әсер етіп, сазы-
ның ритмикасын күрделендірді.
Сондықтан, уақыттың кіші цикліндегі оқиғалар үлкен уа-
қыт ағымының бӛлігі болып саналады
және оның жаңғырығы
ретінде міндетті түрде сол уақыттағы оқиғалардың шындығы
мен тұрмыстығының (бытовизм) философиясы мен символика-
сын кӛрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: