Ж. Б. Аширбекова


Тенгризмнің әлемге таралуы



Pdf көрінісі
бет60/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

Тенгризмнің әлемге таралуы. Кӛшпенділердің 12 жыл-
дық жануарлар күнтізбесі осыдан шамамен 3000-3300 жылдай 
бұрын даладан арийлер кеткеннен кейін шыққан болуы керек 
(авт.). Себебі, жануарлар күнтізбесін Үндістанда осы күнге 
дейін білмейді. 
Үйреншікті кӛшпенділер арасындағы мүшел – ол күн-
юпитер күнтізбесі. Онда жаңа жыл бір уақытта – күн мен түн 
теңескен Ұлыстың ұлы күні наурызда болады. Жер ӛңдейтін 


207 
оңтүстік аймақтағы қытайлықтарда жаңа жыл ерте келеді және 
12 жануардың жүйесін, қытайдағы айдың күнтізбесі негізінде ол 
ай-күн-юпитердікіне айналды да, жаңа жыл әрқашан ӛзгеріп 
тұратын тұрақсыз датаға айналды.
Болгария сияқты Қытайға да бұл күнтізбені оларды басып 
алып, ел тағына ӛз адамдарын отырғызған кӛшпенділер әкелді. 
Киіз үйде тұрып ғасырлар бойы кӛшпенді ӛмір кешкен елдің 
басшылары ӛз дәстүрін жоғарыдан күшпен енгізсе де, қытай 
ақсүйектері (Ли Бо, Ду Фу және басқалардың ӛлеңдері) осындай 
тамаша күнтізбеге қызыға қарап, бас тарта алмады. Кӛшпен-
ділер Қытай тағында Болгариядағыдан гӛрі ұзақ уақыт отырып
бұл елде мүшелді тұрақты енгізгендіктен жануарлар символы 
қытай мәдениетінде қалыптасып, оның атрибутына айналды. 
Сонымен қатар, мүшел Қытай арқылы Тынық мұхиты аймағына 
кеңінен тарады. 
Соғдалықтар мен хорезмдіктердің күнтізбесін зерттеген 
Бируни, ертеде олардың жануарлар күнтізбесін қолданбағанын 
жазады.
Академик А.Н.Самойлович ӛзінің ―Түркі халықтарының 
12 жылдық жануарлар күнтізбесі‖ деген мақаласында Вавилон-
нан шыққан ғалым Тевкростың кітабындағы Египетте табылған 
12 жылдық күнтізбесі: мысық, ит, жылан, қоңыз, есек, арыстан, 
ешкі, бұқа, ителгі, маймыл, тырна құтан және қолтырауыннан 
тұратынын жазады. Ол Тевкростың қолжазбасы б.д. І ғасырында 
жазылғанын, бірақ ол уақытта түркілер мен қытайда жануарлар 
күнтізбесі қолданыста болғанын жазады. Ертедегі Египеттің 
жазба ескерткіштерінің ешқайсысында жануарлар күнтізбесін 
қолданғаны туралы жазбағанын атап ӛтеді. Сонымен қатар, жан-
уарлар күнтізбесі Грекияда, Римде, Вавилонда, Ассирияда қол-
данғаны туралы ешқандай жазба ескерткіштерде кездеспейді. 
Яғни, ол күнтізбе осы елдерге Ұлы даладан келген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет