Ж. Б. Аширбекова


Алғашқы айырбас қҧралдары. Аң терілерінің ақша ай-



Pdf көрінісі
бет10/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

Алғашқы айырбас қҧралдары. Аң терілерінің ақша ай-
налымына тҥсуі. Кӛне дәуірден бері ата-бабамыз баспа-бас 
айырбаспен қатар, сауда мәдениеті ӛркендей келе тауар айналы-
мындағы металл ақшаны пайдаланғанын, олардың халықаралық 
сауда желілерінде, әсіресе, Ұлы Жібек жолы дамыған кезінде 
салмағы басым болғанын археологтарымыз қазып, тауып ғылы-
ми дәлелдегені аян.
Қоғамдағы ақшалардың толып жатқан функциялардың 
ішінен ең кӛнесі және негізгісі олардың айырбас құралы ретін-
дегі рӛлі болып табылады. 
Айырбас пайда болуы тамырлары сонау ӛте ерте кезден 
басталады. Жоғарғы палеолит дәуіріндегі айырбас археология-
лық тұрғыда тіркелген.


46 
Алғашқыда тайпааралық қарапайым айырбас туды. Оған 
алғашқы тұрмыс адамын қоршаған ортаның әркелкі жағдайлары 
мәжбүр етіп отырды.
Айырбастың «тауардан тауарға» айырбастайтын алғашқы 
формасында ақша қолданылмаған, бірақ бұл ӛте қолайсыздық 
туғызған. Бірте-бірте айырбас операцияларының процесінде ең 
ыңғайлы айырбас жасау үстінде қайсыбір тауар немесе тауар-
дың бірнеше түрлері оқшау шығады. Мұндай тауар басқа тауар-
лардың эквивалентіне айналады. 
Ақшаның ең кӛп тараған формасы мал мен жануарлар 
терілері болды. Бұл жӛнінде лингвистика дәлел бола алады. Мал 
мен ақшаны кӛптеген кӛне тілдерде бірдей атайды. Кейбір жағ-
дайларда мұны қазір де байқауға болады: мәселен, ағылшынша 
«impecunious» (кедей деген сӛз), латынша «pecunia» (ақша сӛзі-
нен шыққан), бұл сӛздері ӛз кезегімен «pecus» (мал) деген сӛз-
ден пайда болған. Демек «impecunious» деген сӛзді талдайтын 
болсақ, «бесскотный», «малсыз» деп аударуға болады. Осы 
сияқты «капитал» деген сӛз де латынша «caput» – «capita» (бас-
басты) деген сӛзінен шығады да малды бас бастап санайды да 
кӛне есеппен байланысты болып келеді. 
Малмен қатар XVIII ғасырға дейін Үнді мұхиты жағалау-
ларында орнын алып келген делдал тауарлар ретіндегі раковина 
(қабыршақ) кауриі кеңінен мәлім. Кейбір жерлерде тіпті рако-
вина негізінде ӛзінше бір ақша жүйелерінде қалыптасты. Мәсе-
лен Африканың батыс жағалауларында «шнур» бірлігі тізілген 
40 раковина кауриінен тұрды. 50 шнур бір «басты» (2000 каури): 
10 бас бір «қапты» (20000 каури) құрады; сыртқы саудада 3 бас 
1 долларға теңестірілді. 
Мал мен раковинадан ақша ролін: Меланезияда акула тіс-
терінің байламы, Калимантанда сиырдың бас сүйегі, Солтүстік 
Американың үндістерінде бампумның тігілген белдіктері, 
Африкада піл сүйегі мен тіс кесектері, Вирджинияда темекі, 
Монғолияда кірпі шәй және кӛптеген басқа тауарлар атқарды. 
Адамзат неғұрлым қолайлы металл ақшаға жеткенше ақшалар-
дың жүздеген түрін қолданып кӛрді. 
Түрлі формалы ӛлшелмелі металл кесегі тауар айырбасы-
на тез енеді, ӛйткені ақшалардың басқа түріне қарағанда маңыз-


47 
ды артықшылықтары болады. Біріншіден, металл бұзылмайды 
да аз орын алады. Ол сақтауға, тасуға т.б. қолайлы. Екіншіден, 
металды тең бӛліктерге оңай бӛлуге болады. Бұл дамыған 
айырбаста ӛте маңызды рӛл атқарады.
Саудада ӛлшелмелі күміс пен алтын бірте-бірте жетекші 
рӛл атқарды. Алдауға жол бермеу үшін, саудада тӛмен сапалы 
және салмағы толық емес металл кесектерін қолдануға бӛгет 
жасау үшін адамдар олардың сапасы мен салмағына кепілдік 
беретіндей етіп кесектерге таңба сала бастайды. Сӛйтіп алғашқы 
монеттер пайда болды. Олардың отаны Кіші Азияда орналасқан 
ежелгі дүниенің кішкене мемлекеті Лидия болып саналады. 
Алғашқы монеттердің пайда болған уақыты б.э.д. VII ғасырдың 
басында болды. (А.П.Пронштейн, В.Я.Кияшко. Қосалқы тарихи 
пәндер. Алматы, 1978. 64-65 б.) 
Дирхем, динар, монет, теңге, ақша жалпы нумизматика 
ұғымының қалай пайда болып, дамығандығы күнделікті ӛмір-
дегі ғылым мен әлеуметтік экономиканың даму тарихындағы 
маңызы қалың кӛпшілікке белгілі мәселе.
Тарихқа үңілсек күнделікті ӛмірде әр кезеңде, әр билеуші 
тұсында әр түрлі теңгелер қолданылған.
Бұл дәуірдің теңгелері бертін келе қоғамның және эконо-
мика мен саясаттың дамуына, мемлекеттер мен халықтар ара-
сында сауда-саттық жүргізуге қолайсыз болды. 
Түбірі латын сӛзінен (нумизммонета) бастау алар бұл 
ұғымды мағыналасақ кӛне монеттер мен медалдарды, құйма 
алтын кесектерін, тиын соғу, ақша айналым тарихын зерттейтін 
ғылым болып шықты. Осы тұрғыдан келгенде ол қағаз ақша 
таңбаларын, жетондар мен орден, значоктарды тарихи құжаттар 
ретінде қарастырар бонистика пәнімен де аулы аралас, қойы 
қоралас тонның ішкі бауындай. «Әзірет Сұлтан мемлекеттік қо-
рық мұражайында кӛпшілік назарына ұсынылған нумизматика-
лық кӛрмеден кәдімгі ақшаға байланысты таныс – бейтаныс кӛп 
жайттарды кӛзбен кӛріп, қолмен ұстағандай боласыз». Кӛненің 
кӛзі – кӛріктен шыққан тиын ақшалар экономика, алыс - беріс 
жәдігерліктері ғана емес, мемлекеттік құжат, ӛнер туындысы 
эпиграфиялық дүниелер ретінде де құнды. Есте жоқ ескі заман-


48 
ның естеліктеріндей ыстық. Кӛрмеде саудырлаған тиын ақша-
ның 201 үлгісі қойылыпты.
Тиын ақшалардың алыс ауқымы сонау VII ғасырдағы 
Бұхар драхмасынан бастап, бертінгі Отырар, Кенжит, Шаш 
(Ташкент), Ходжент, Самарқанд, Қашқар, Марғұлан, Тараз, 
Яссы, Сайрам т.б. ақша сарайларынан «Тәбәрік ӛнімдерін» қам-
тып жатыр. Мұның дені кӛне Түркістан қаласының аумағынан 
табылған ақша кӛмбелерінің ( XVII ғасыр, хан ордасы, т.б. ақша 
кӛмбелерін) жәдігерліктерін, сондай-ақ, Әмір Темір мемлекетін-
де күнделікті тұрмыста пайдаланылған мыс ақша (шақа) үлгі-
лерінде кездеседі.
Біз «тіллә» деп атайтын арабтың динары алғаш рет VII ға-
сырда алтыннан соғыла бастады. Ал, динар атауы кӛне Римнің 
күміс тиыны атынан алынса керек. Кейіннен құрамында 2,4 
грамм алтыны бар бұл ақша Шығыс мұсылман елдеріне, күллі 
Мәуереннахр жеріне таралғаны аян. 
Ал, «денга» атауының түркі тіліндегі теңге «танга» сӛзі-
нен шыққанын екінің бірі біле бере ме? Ендеше, қазақтың ұлт-
тық ақшасының «теңге» атауының аспаннан алынбағанын әуел-
де ұлттық ұғым екенін кӛпшілік тағы да түсіне түссе артық бола 
қоймас. 
Ақша алтын, күміс, мыс сияқты металдардан жасалып 
бертінге дейін биметаллизм үстемдік құрып келді. Тек XX ға-
сырдың аяғында ғана алтын және алтынға алмасатын банкнот 
шығып, кӛп елдер биметаллизмнен мониталлизмге кӛшті. 
Майлықожа ақынның: «Сауайын десең – сүт жоқ, сояйын десең 
– ет жоқ, ақша деген мал шықты» дейтін ұлағаты соны меңзеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет