186
3.4.7 Жапырақтың бактериялы дағы
Жапырақтың бактериалды дағы – қызылша егістерінде кең таралып,
әcipece жас ӛсімдіктерде (жас тұқымдықтарда) кездесетін ауру.
Ауруға шалдыққан қызылша ӛсімдігінің жапырағының бетінде қара-
қоныр жиекті түсі ашық-қоңыр, пiшiнi әртүрлі, селдір дақтар түзіледі. Жас
ӛсімдікте дақтар майда (диаметрі 1-3 мм), ал ӛсіп-жетілгенде ipілey (2-8
мм) болады. Залалданған ұлпалар кейін кеуіп, үгітіліп түсіп, жапырақта
дақ орнында тесіктер пайда болады,
сондықтан ауруды "тесікті дақ
ауруы" деп те атайды (92-сурет).
Аурудың
алғашқы белгілері
ӛскінді бipiншi сиретуден кейін
байқалады.
Залалданған
ӛсімдіктердің
ӛcyi
саябырлап,
жапырақтары мезгілсіз қурайды.
Кесел
қатты
дамығанда
жас
ӛсімдіктер
жойылады.
Паразиттердің енуіне жапырақтағы
механикалық жарақаттар жағдай
туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: