Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет132/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

86-сурет. Жалған ақ ҧнтақ (пероноспороз) ауруына шалдыққан 
қызылша жапырағы 
Пероноспороз ауруының зияндылық дәрежесі алғашқы белгілерінің 
біліну мезгіліне және дамуына байланысты. Аурудың таралуына қолайлы 
жылдары қызылша ӛсімдіктері ерте залалданса, онда жас ӛскіндердің 40%-
на дейін жойылады. Дертке шалынған ересек ӛсімдіктердің залалданған 
жапырақтары мен гүл сағақтары қурап, тамыр жемісі мен тұқымының 
сапасы тӛмендейді. 
 
3.4.3 Ақ ҧнтақ 
Ақ ұнтақ ауруы қызылша ӛсірілетін барлық аймақтарда кеңінен 
таралған. Дегенмен де ауа-райы ыстық және құрғақ климатты аймақтарда 
кӛп зиян келтіреді. 
Ақ ұнтақ ауруына шалдыққан қызылша ӛсімдігінің жапырақтарының 
бетіне бастапқыда дақ түсіп, кейін осы дақтың бетін ақ ұнтақты ӛңез 
басады. Ӛңез жапырақтың астыңғы және үстіңгі бетінде қалыптасады. Бұл 
ӛңез ауру қоздырғыш саңырауқұлақтың жіп шумақтары болып табылады. 
Ауру қатты дамығанда ӛңез залалданған ӛсімдіктің сабағы мен тұқымына 
да тарайды. Жаздың екінші жартысында ӛңез үстінде саңырауқұлақ жеміс 
дене - клейстотецийлер түзіледі (87-сурет). 


182 
 
 
 
 
 
 
 
87-сурет. Ақ ҧнтақ ауруына шалдыққан қызылша жапырағы 
 
Ақ ұнтақ ауруының қоздырғышы – Ascomycetes класының 
Erysiphales қатарына жататын Erysiphe communis Grev.f. betae Poteb
саңырауқұлағы. Саңырауқұлақ жіпшумағы ұлпа бетіне аппрессорийлер 
және гаусторийлер кӛмегімен бекиді. Қоздырғыштың конидиятасушылары 
қарапайым қысқа, конидиялары сопақша, түсciз, кӛлемі 30-36 10-15 мкм. 
Конидиялар конидия тасушылардан оңай үзіліп, ауа ағысымен алысқа 
таралады да, жаңа ӛсімдіктерді залалдайды. 
Erysiphe communis саңырауқұлағының жеміс денелері шар тәрізді
қосымшалары қарапайым, ішінде 5-7 қалталары орналасып, әр қалтада 4-6 
қалтаспорадан 
болады. 
Саңырауқұлақ 
клейстотецийлері 
ӛсімдік 
қалдықтарында, тұқымның бойында, тұқымдық қызылшаның басында 
қыстайды. Кӛктемде алғашқы залалдану қалтаспоралар кӛмегімен жүреді. 
Құрғақ және ыстық ауа райы жағдайында, ұзақ құрғақшылық пен ӛткінші 
жаңбыр аурудың дамуына қолайлы жағдай туғызады. 
Ақ ұнтақ ауруына шалдыққан ӛсімдіктердің жапырағы мезгілінен 
бұрын түсіп, тамыржемісі ӛспей, салмағы 10-40% тӛмендеп, қанттылығы 
кемиді. Дертті қызылша тамыржемістері қоймада тез бұзылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет