189
Ауру қоздырғышы –
Rhizoctonia solani Kuehn. саңырауқұлағы.
Жіпшумағы қалың қабықты, алғаш түссіз болып, кейін қоңырайады.
Тамыржемісте iciнгeн, қара псевдосклероцийлер түзіледі.
Бұл кесел ауыр, сазды, тұзды, жерасты
суы жақын орналасқан
топырақта, су кӛп тұратын ойпат жерлерде, кӛп жыл қатарынан қызылша
егілген егісте, агротехника сақталмаган жағдайда жиі кездеседі.
Саңырауқұлақ жоңышқа, қырыққабат, сәбіз, шырмауық,
қырықбуын, ақ
алабота және басқа да ӛсімдіктерді залалдайды. Қоздырғыш жіпшесі мен
склероцийлері дертті тамыржемістерде, топырақта сақталады.
Ауруға шалдыққан қызылша ӛсімдіктерінің ӛнімі мен қанттылығы
және тұқымның шығымы мен сапасы тӛмендейді.
3.4.11 Тамыр ҧшының шipiгi (гоммоз)
Тамыр ұшының шірігі немесе қызылша
гоммозы Республиканың
сазды, ауыр топырақты, ойпат аймақтарында кездеседі.
Гоммоз қызылша тамыржемісінің ұшынан басталып, кейін
тамыржемістің жоғарғы бӛлігіне қарай жылжиды.
Ауруға шалдыққан
ӛсімдіктің жапырағы хлорозданып (түссізденіп), бірте-бірте жойылады.
Ауру қарқынды дамығанда тамыржеміс түгел шipiп, ӛсімдік қурап қалады.
Гоммоз
ауруының
қоздырғыштары
–
Bacillus
туысының
бактериялары және ашытқы саңырауқұлақтары.
Залалданған тамыржеміс ұлпасының түci ашық-сары, шырышты,
кӛпіршіктенген, боза иісті болады. Жоғары температура және ойпатты су
тұратын жерлер, шамадан тыс кӛп суару, жерді тайыз жырту, топырақтың
қабыршақтануы, азоттың артық мӛлшері, ӛсімдіктің
механикалық
зақымдануы және басқа аурудың дамуына ықпал етеді. Тамыр ұшы
шірігінің инфекция қоры – залалданған ӛсімдік қалдықтары және топырақ.
Ауруға шалдыққан ӛсімдіктің ӛcy қарқыны баяулап,
жапырақ саны
азайып, тамыржемісі жетілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: