183
88-сурет. Қызылшаның церкоспороз ауруы: залалданған ӛсімдік
жапырағындағы ауру белгісі (сол жақта), қызылшаның ауруға жаппай
шалдығуы (оң жақта)
Церкоспороз ауруына шалдыққан қызылша ӛсімдігінің
сабағы мен
жапырақ сағақтарына түскен дақтардың пішіні сопақшалау, сәл
жаншылған. Сондай-ақ кейде ұрыққаптың сыртқы қабаты да залалданады.
Кесел қатты дамыған жағдайда жапырақтардың жиегі тӛмен қарай
ширатылып салбырап, қарайып, қурап қалады да, ӛсімдік бойында тек ең
жас жапырақтары ғана сақталады. Церкоспороз ауруының белгісі негізінен
жаздың екінші жартысында білінеді.
Церкоспороз ауруының қоздырғышы –
Ascomycetes класының
Mycosphaerellales
қатарына
жататын
Cercospora
beticola
Sacc.
саңырауқұлағы. Қоздырғыштың жіпшумағы залалданған ӛсімдіктің клетка
аралығымен таралады. Саңырауқұлақ конидиятасушылары бұрышты,
иілген, қысқа, ал конидиялары түссіз, ұзын ине тәрізді, 3-7 перделі, кӛлемі
30-36 3-5 мкм. Вегетация кезінде кесел конидиялар кӛмегімен таралады.
Аурудың дамуына 20-25°С температура және 70% ауа ылғалдылығы
қажет.
Кӛктемде саңырауқұлақтың конидиялары түзіліп, кеселді таратады.
Ӛсімдік бетіне түскен саңырауқұлақ конидиялары ӛнгенде бірнеше ӛскін
беріп, жапырақтың леп тесіктері арқылы ұлпаға енеді. Бұл үрдіс кӛбіне ауа
ылғалдылығы жоғары кезде таңертеңгі уақытта жүреді. Қолайлы жағдайда
инкубациялық кезең ұзақтығы – бip апта, ал қолайсыз жағдайда – 15-40
күнге созылады. Ылғалды ауа райында споралар мол түзіліп, ӛсімдік оңай
залалданады. Ауруға шалдыққан ӛсімдіктің
жапырақтары ылғал
жетіспесе тез қурайды. Инфекция қоры –ӛсімдік қалдығы, тұқымдық
тамыржемістер.
Бұл ауруға қызылшаның барлық түрлері, екпе және жабайы
ӛсімдіктердің 40 шақты түрлері – жоңышқа, бұршақ, қытайбұршақ картоп,
гүлтәжі, кӛкпек, қалуен, бақа жапырақ, құлқайыр,
шырмауық, қымыздық,
бақ-бақ және басқалары шалдығады.
184
Ауру ӛсімдіктердің тамыр жемістері қоймада тез шipіп, тұқымның
сапасы тӛмендеп ӛнiмi азаяды. Тамыржемістердің сапасы тӛмендеп, қант
шығымы 37-70% кемиді.
3.4.5 Фомоз
Фомоз – Республиканың барлық
қызылша егетін аудандарында
кеңінен таралған кесел.
Фомоз ауруына шалдыққан ӛсімдіктің жапырағында ipi, пішіні –
дӛңгелек, ашық-қоңыр түсті, шеңберлі
дақтар пайда болады (89-сурет). Дақтың
бетінде майда, қара реңді нүкте
тәрізді
саңырауқұлақ
пикнидалары
түзіледі.
Кеселмен алғашқыда ӛсімдіктің тӛменгі
жапырақтары залалданып, кейін ауру
ӛсімдік бойымен жоғары қарай жылжиды.
Дертке шалынған ӛсімдіктің залалданған
жапырақтары,
әcipece құрғақ, ыссы ауа
райында қурайды.
Достарыңызбен бөлісу: