Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


-сурет. Бактериалы дақ ауруына шалдыққан қызылша жапырағы



Pdf көрінісі
бет136/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

92-сурет. Бактериалы дақ ауруына шалдыққан қызылша жапырағы 
Жапырақтың бактериалды дағы ауруының қоздырғыштары – Bacillus 
mycoides Flugge, Вас. mesentericus v.vulgatus Flugge, Bac. butyricus pv.betae 
Kas. сапрофитті тіршілік ететін топырақ бактериялары. Кеселдің инфекция 
қоры – ӛсімдік қалдықтары және тұқымдық тамыржемістер. 
Дертке шалдыққан жапырақтың ассимиляциялық аумағы кішірейіп
тамыр жемістердің сапасы тӛмендейді. 
3.4.8 Тамырдың фузариозды шipiгi 
Тамырдың фузариозды шірігі кеселі Қазақстанның қызылша егілетін 
барлық аймақтарында кездеседі. 
Фузариозды тамыр шірігіне шалдыққан қызылшаның тамыр 
жемісінде бастапқы кезінде аурудың сырт белгісі керінбейді, бірақ оны 
бойлап тілгенде тамыр жемістің талшықтары мен түтіктерінің қарайғаны 
байқалады. Дақылдың тамыржемісі кейін шipiп, iшкі ұлпалары 
талшықтанып бұзылады. Шіру нәтижесінде тамыржемістің бойында 
түзілген қуыстар ақшыл-қызғылт реңді саңырауқұлақ жіпшумағымен 
толады. Қызылша тамыржемісінің кӛбіне тӛменгі жіңішке бӛлігі, кейде 
басы фузариозды тамыр шірік ауруына шалдығады. Бұндай залалданған 
ӛсімдіктің жапырағы солып, сабағы қараяды. 


187 
Фузариозды тамыр шірігі ауруының қоздырғышы – Fusarium Link
туысының саңырауқұлақтары. 
Бұл кеселдің қарқынды таралуына ауа райының құрғақ және ыстық 
болуы қолайлы жағдай туғызады. Сeбeбi қызылшаның топырақ бетіне 
жақын орналасқан қосымша тамыршалары қурап, сол жерден 
қоздырғыштар әлсіреген ӛсімдікке оңай енеді. 
Фузариоз шipiгi ойпат, су тұрып қалған жерлерде, әcipece топырақ 
беті қабыршақтанған, мерзімінде копсытылмаған жағдайда жиі кездеседі. 
Сондай-ақ, топырақ зиянкестерімен немесе колданылатын құралдармен
зақымдалған ӛсімдік тамыры бұл кеселге жиірек шалдығады. Аурудың 
негізгі қоры – залалданған тамыржемістер мен топырақ 
Қызылша дақылы ұзақ уақыт егілген аудандарда бұл ауру аса 
зиянды, тамыржемістер 20%, кейде 50-70% залалдануы мүмкін. Аз 
дәрежеде залалданған тамыржемістердің ӛзі қағат шірігінің дамуына 
себепші болады. Егер ӛсімдік жас кезінде залалданса, онда ол қурап 
жойылады, ал ауруға біраз жетілген кезде шалдықса, дақылдың ӛнімінің 
шығымы және сапасы тӛмендейді. Залалданған тұқымдықтар мезгілінен 
бұрын қурайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет