Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


 Қант қызылшасын аурулардан қорғау жҥйесі



Pdf көрінісі
бет143/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

 
3.4.19 Қант қызылшасын аурулардан қорғау жҥйесі 
Қызылшаны 
аурулардан 
қорғауда 
агротехникалық 
және 
шаруашылық-ұйымдастыру шараларын сақтау кажет: 
1. Топырақты қызылша дақылын себуге мұқият даярлау (топырақты 
терең жырту, ылғал жинау, тұқымды себер алдында топырақты ӛңдеу); 
2. Ғылыми негізделген ауыспалы eгicтіктi сақтап, қызылшаны 
қолайлы алғы дақылдан соң (күздік бидай, жоңышқа, жүгері) отырғызу; 
3. Ауруларға тӛзімді қызылша сорттарын енгізу; 
4. Тұқымдық танапты ӛндірістік қызылша танаптарынан кемінде 
1000 м алшақ отырғызу; 
5. Тұқымдық тамыржемістердің ауруға шалдықпағандарын ipiктeп, 
отырғызуға даярлау; 
6. Тұқымды 3-4 см тереңдікке енгізіп, мерзімінде себу; 
7. Қызылша ӛсірілетін танаптарға органикалық және минералды 
тыңайтқыштар енгізіп, ӛсімдіктің ӛніп-ӛсуіне жағдай жасау
8. Ӛciп-жетілген ӛсімдіктерді күтіп-баптау жұмыстарын (қопсыту, 
мерзімінде суару, ауру ӛсімдіктерді жою), дер кезінде жүргізіп, 
қызылшаның ауруларға тӛзімділігін арттыру мақсатында фосфор 
тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіру. Вирус ауруын тасымалдаушы 
насекомдар (бітелер т.б.), топырақ зиянкестері және инфекция қорын 
жинақтаушы арам шӛптермен үнемі күресу; 
9. Ӛнімді мерзімінде жинап, аурудан сау және қазу кезінде 
механикалық жарақаттанбаған тамыржемістерді шоқаға (қағатқа) салу. 
10.Ӛсімдік қалдықтарын мұқият жинап, егістіктен шығарып, 
танаптарды терең (30 см) сүдігер жыртып, инфекция қорын тӛмендету; 
11.Қағаттарда қолайлы температура (1-3°С) деңгейін ұстау. 
3.4.19.1 Қызылшаны тҥрлі аурулардан қорғауда химиялық әдicтi 
қолдану: 
1. Тұқымды себер алдында 80% ТМТД, с.ұ. - 6 кг/т суспензиясымен 
(15 л/т) дәрілеу; 
2. Аурудың алғашқы бeлгici білінгенде фунгицидтермен бүрку: 
церкоспорозға қарсы 90% мыстың хлорлы тотығымен, с.ұ. – 2,4-3,2 кг/га 
ерітіндісімен ӛңдеп, 20-25 күннен соң қайталау; ақ ұнтақ, церкоспороз 


196 
және тат ауруларына қарсы 50% с.ұ. фундазол,– 0,6-08 кг/га; 70% топсин-м 
с.ұ. – 0,6-0,8 кг/га; 12,5% импакт, к.с. - 1 л/га; 25% скор, э.к. - 0,4 л/га 
ерітінділерін қолдану.Тамыржемістерді қағатқа салу алдында 45% текто 
450, с.к. – 30 мл/т су ерітіндісімен (4 л/т – жұмыс ерітіндісінің мӛлшері) 
ӛңдеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет