Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


-сурет. Қырыққабаттың пероноспороз



Pdf көрінісі
бет160/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

119-сурет. Қырыққабаттың пероноспороз 
(жалған ақ ҧнтақ) ауруы: 1 және 2 – залалданған жапырақ пен 
бұршаққап; 3 – конидия тасушылар мен конидиялар 


218 
Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша саңырауқұлақ тұқым 
қабығында да сақталады. Залалданған қырыққабат кӛшеттерін танапқа 
кӛшіргенде, аурудың дамуы тежеледі. Ылғал мол жағдайда кесел қайта 
ӛрбіп, белгісі қырыққабат қауданының тӛменгі жасыл жапырақтарында 
байқалады. Азыққа арналған қырыққабатқа ауру қауіпсіз, ал тұқымдық 
ӛсімдіктердің дертке шалынуы – аса зиянды. Ауру қоздырғыш 
саңырауқұлақ қаудан ӛзегіне еніп, кӛктемге дейін сақталады да, одан ӛніп 
шыққан ӛсімдік ілкі бастан ауру болады. Саңырауқұлақ 10-15°С 
температура мен тамшы күйіндегі ылғал бар жерде жақсы дамиды. Бұл 
патоген қырыққабаттан басқа да крестгүлді тұқымдасына жататын 
ӛсімдіктерді залалдайды. 
Аурудың салдарынан кӛшеттер сиреп, тұқымдық ӛсімдік ӛспей 
қалады, тіпті ӛскен жағдайда да тұқым сапасы тӛмендеп, қаудандар 
қоймада сақтау кезінде шіриді. 
4.1.4 Фомоз немесе қҧрғақ шірік 
Фомоз немесе құрғақ шірік – кең таралған, ӛте зиянды кесел. Бұл 
дерт қырыққабаттың ӛсу кезеңінде ӛсімдіктің барлық мүшелерін 
залалдайды. 
Қырыққабат кӛктеп шыққан кезде дерт шалған тұқым жарнағының 
бойында ашық-қоңыр түcтi дақтар пайда болады. Ӛсімдік сабағының 
етегінде, тамырға түсетін дақтар сарғыш-сұр түсті, беті сәл ойыс (120-
сурет). Дақтар кейін қоңырайып, бетінде қара түсті пикнидалар түзіледі. 
Ауруға шалдыққан ұлпалар үгітіліп, ӛсімдік қурайды. Залалданған 
кӛшеттерді топыраққа кӛшіргенде аурудың дамуы жалғасып, ӛсімдіктің 
ӛcyi баяулап, ашық-жасыл түске еніп, тӛменгі жапырақтары қызыл-күлгін 
немесе кӛкшіл түске енеді. Дақтарда түзілген пикнидалардан споралар 
шығып, басқа, сау ӛсімдіктерді залалдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет