219
Ӛсіп-жетілген, ересек ӛсімдіктердің барлык мүшелеріне дӛңгелек
немесе сопақша, сұрғылт түсті, қоңыр жиекті дақтар түседі де, бетінде қара
пикнидалар түзіледі. Сабақ залалданған тұсынан сынады. Қоймада сақталу
кезінде залалданған тұқымдықтарда ауру ӛршіп, қауданның ӛзeгi шipiп,
үгітіледі. Науқас тұқымдықтар кейін танапқа отырғызғанда ӛспей, солып
қурайды. Жансызданған ӛсімдіктердің ӛзегі мен тамыры құрғақ шірікке
айналып, ұлпалары мен түтіктері қоңырайып, iшi ақ жіпшеге толады.
Ауруға шалдыққан бұршаққапта түзілген
тұқымдар да залалданьш,
саңырауқұлақ жіпшелері олардың беткі қабығында бірнеше жыл
сақталады.
Ауру қоздырғышы – Аскомицеттер класының Плеоспоралылар
қатарына жататын
Phoma lingam Desm. саңырауқұлағы. Жіпшумағы
эндофитті, клетка аралығымен тарайды.
Пикнидалар ұлпаға батып
орналасып, сыртқа жоғарғы бӛлігі ғана шығып тұрады. Пикноспоралары
ұзынша, цилиндр тәрізді, сәл иілген, түссіз. Саңырауқұлақ ӛсімдікке
зақымдалған ұлпалар арқылы енеді. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы – 5-
8 күн, кейде одан да ұзаққа созылады. Аурудың дамуына қолайлы жағдай
21-23°С деңгейіндегі температура және 60-80% ауа ылғалдылығы.
Вегетация бойына саңырауқұлақ 5-8 ұрпақ береді.
Бұл ауруға
қырыққабаттан басқа да крестгүлділер шалдығады. Инфекция қоры
тұқымда және ӛсімдік қалдықтарында сақталады.
Кеселдің салдарынан ӛсімдіктің 30-40%, кейбір жылдары 80%
қурайды.
4.1.5 Альтернариоз
Ауру кең таралып, ылғалы мол аудандарда жиі кездеседі. Ӛсімдік
барлық ӛсу, әcipece тұқымдықтың пiciп-жетілу
кезеңінде, қатты залалданады. Ӛскіннің
тұқым
жарнағы
мен
сабағында
және
жас
жапырақтарында қара некрозды жолақтар мен
ноқаттар пайда болады. Залалданған ӛскін қурауы
мүмкін. Ӛсіп-жетілген ӛсімдіктердің жоғарғы
жапырақтарында қоңыр түcтi, ipi дақтар түзіліп,
олардың бетін күйе тәрізді ӛңез басады. Егер түсті
қырыққабат залалданса,
онда оның басында
коңыр шipiк кӛрінеді.
Тұқымдық қырыққабаттың бұршаққыны
мен сабағы қатты залалданады (121-сурет).
Бұршаққын бетіне қара, жылтыр, шашыраңқы
дақтар түседі. Бұршаққынның
ұшы залалданған
жағдайда, саңырауқұлақ диффузды таралып,
220
ауруға шалдыққан бӛліктің түci қоңырайып, жарылады. Ылғал мол
кездерде дақ бетін қара түсті, түкті ӛңез басады. Залалданған бұршаққында
түзілген тұқымдар әжімделіп, жетілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: