4.2.11 Столбур
Қызанақтың кең таралған ауруларының бipi. Столбурға шалдыққан
ӛсімдіктің жас ӛркендері қызылдау немесе күлгін түске енеді. Жаңа
шыққан жапырақтар пішінін ӛзгертіп (жiңiшкepiп немесе папоротник
жапырағына ұқсап тарамдалып), жоғары бағытталып, тікірейеді.
Ӛсімдіктің тӛменгі жапырақтары сарғайып, жүйкелері астыңғы жағынан
күлгін түске енеді
Тостаған жапырақшалары бip-бipiмeн қосылып, ұлғайып, пiшiнi
"қоңырау" тәрізді болады. Гүлінің аталықтары семіп, аналығы қысқарып,
кейіпсізденеді (136-сурет). Күлте жапырақшалары ұсақталып, кӛбіне
жасыл түске енеді. Ауруға шалдыққан гүл жеміс бермейді. Түйін түзілу
кезінде залалданған ӛсімдіктің жемісі піскенде түcі қызыл-сары болып,
тӛменгі белігі торланып, қабығы жұқарады. Залалданған жемісте түтiктi
талшықтардың ксилема клеткалары қарқынды дамып, тұқым ұялары
кішірейіп, тұқымдары жетілмей, әлжуазданады, кейде мүлдем түзілмейді.
Жемістері катайып, дәмсіз болады.
Ауру қоздырғышы – Spiroplasmataceae тұқымдасына жататын
фитоплазмалық ағзалар. Олардың пішіні сопақша немесе сфера тәрізді,
диаметрі – 50-90 нм. Қоздырғыш ӛсімдік флоэмасында шоғырланады.
Фитоплазмалық ағзалар цикадалармен және телу кезінде таралады.
Инкубациялық кезеңі 30 күнге созылады. Жоғары температурада ауру
қарқынды дамиды. Инфекция қоры арам шӛптерде сақталып,
цикадалармен тарайды.
Столбур
ауруына
шалдыққан
қызанақтың ӛнiмi тӛмендеп, жемісінің
тауарлық сапасы кеміп, қолдануға жарамсыз
болып қалады.
136-сурет. Столбур ауруына шалдыққан қызанақ гҥлдері
236
4.2.12 Қызанақты аурулардан қорғау шаралары
Достарыңызбен бөлісу: |