269
6.1.8 Жеміс ағаштарының бактериалды кҥйігі
Жеміс ағаштарының бактериалды күйік –
Республикада карантинді
ауру қатарына жатады.
Кеселдің белгісі кӛктемде жеміс ағаштарының гүлдеу кезеңінде
білінеді.
Залалдану
гүл
шоғырынан
басталып
бұтақтарына
кӛшеді.
Бактериалды күйік ауруына шалдыққан
ағаштардың гүлдері
кенеттен қарайып,
солып, бipaқ түспей ілініп
тұрады (161-
сурет). Жас бұтақтар мен жапырақтар
ұшынан
бастап
қарайып,
кейін
жапырақтары ширатылып, қурайды, бipaқ
түспейді. Ӛciп,
жетілген жапырақтар
шетінен бастап қарайып,
кейін қызыл-
қоңыр түске еніп,
вегетацияның соңына
дейін ағашта қалып қояды.
161-сурет. Erwinia amylovora инфекциясының гҥл шоғырынан сабаққа
кӛшуі
Ағаш қабығында қоңыр-жасыл немесе қара-қоңыр түсті шеті кӛмескі
демді дақтар пайда болып, кӛлденең кесіндісінде қоңыр-жасыл немесе
қоңыр түcтi ұлпалар кӛрінеді. Сау және ауру ұлпалардың аралығы мәрмәр
түсті камбиймен шектеледі.
Қабық жұмсарып, ақшыл экссудат пайда
болып, кейін ол кeyiп, қоңырайады (162-сурет).
Эпидермис қабықтан
ажырап, кейін ауру қабық шытынап, сауларынан ажырайды.
Жаздың
бастапқы
кезеңінде
залалданған
жемістер
қарайып,
қыртыстанып, ағаш басында жапырақтар
сияқты түспей ілініп тұрады. Жаздың екінші
жартысында залалданған жеміс бетінде
бастапқыда демді, жасыл, кейін қызыл-
қоңыр түске енетін дақтарда ақшыл экссудат
түзіледі.
Жас
ағаштардың
жоғарғы
ұшындағы
жапырақтары
алғашында
түссізденіп, ӛркен ұштары қисайып, солады
да 1-2 жылда
ауру ағаштар қурап, жойылады.
Достарыңызбен бөлісу: