Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет194/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

6.1.4 Кәдімгі (европалық) рак 
 
Бұл ауру Алматы аймақтарындағы ескі бақтарда кездеседі. Кеселге 
ӛсімдіктің діңі, бұтағы, бұтақтардың тарамдалатын бӛлігі шалдығады. 
Аурудың екі түрі (жабық және ашық) болады. Жабық түpi ағаштың 
бұтақтарында, ал ашығы – діңінде кездеседі. Жабық түрінде ағаштың 
жарасы шормен түгел жабылып, тек кiшiгipiм саңылау ғана қалады. Ағаш 
түрлі механикалық жарақаттар арқылы залалданады. 
Ауру қоздырғышы – Nectria galligena Bres. саңырауқұлағы. 
Қоздырғыш конидиялы кезеңінде – Cylindrocarpon mali Wr. деп аталады. 
Залалданған мүшелерде тeгic, ақшыл түсті жастықша тәрізді 
саңырауқұлақтың конидиялы спора тасушыларында екі түрлі конидиялар 
түзіледі. Микроконидиялары түссіз, бip клеткалы, ал макроконидиялары – 
ұзынша, цилиндр тәрізді, тік немесе сәл иілген, кӛп клеткалы. Ауру жаз 
бойы конидиялармен таралады. 
Саңырауқұлақ залалданған мүшелерде жіпшумақ немесе перитеций 
түрінде қыстайды. Перитецийлер шар тәрізді, қызыл кipпiш немесе 
алқызыл түсті строма ішінде орналасады. Қалталар цилиндр тәрізді, кӛлемі 
100-110 10-12 мкм. Екі клеткалы қалтаспоралар 0°С температурада 
ағаштарды қыста да залалдайды. Ылғалды, жылы қыста ауру қатты 
дамиды. 


263 
157-сурет. 
Алманың кәдімгі, немесе европалық рак ауруы 
(қоздырғышы – Nectria galligena Bres. саңырауқұлағы. Қоздырғыш 
конидиялы кезеңінде – Cylindrocarpon mali Wr.): 1 – залалданған бұтақ, 
кеселдің ашық түрі; 2 – залалданған бұтақ, кеселдің жабық түрі; 3 – кесел 
шалған алма ӛркені, дерттің бастапқы кезеңінде; 4саңырауқұлақ 
стромалары басқан дерт шалған алма ӛркені; 5 – конидиялар мен 
конидиятасушылар; 6 – қалталар және аскоспоралар; 7 – парафиза; 8 – 
аскоспоралар; 9 – ӛнген аскоспора 
Діңі мен бұтақтары түрлі жарақаттар мен күйіктерден әлсіреген 
ағаштар ауруға жиі шалдығады.
Кесел әсерінен бұтақтар қурап, ағаштар әлсіреп, қабығы 
жансызданады. Залалданған ағаштың ӛнім шығымы мен сапасы тӛмендеп, 
кейде ағаш қурайды. 


264 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет