Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет206/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

6.3.1 Бҥлдірген аурулары 
 
6.3.1.1 Ақ дақ 
Кесел республикада кең таралған, әсіресе шығыс және оңтүстік-
шығыс аймақтарда ӛте кӛп зиян келтіреді. 
169-сурет. Бҥлдірген жапырақтарының ақ дақ ауруы (қоздырғышы 
Ramularia tulasnei Sace. – кондиалды кезеңі, Mycophaerella fraguriae (Tul.) 
Sace. – қалталы кезеңі); 1 – дерт шалған ӛсімдік; 2 – конидиятасушылар 
мен конидиялар; – қалта және аскоспоралар 
Залалдалған ӛсімдіктің топырақ бетіндегі барлық мүшелері ауруға 
шалдығады. Ауруға шалдыққан бүлдіргеннің жапырағында бұрышты 
немесе дӛңгелек, қызыл-қоңыр дақтар пайда болады. Бұл дақтар кейін 
ағарып, қоңыр-қызыл жиекпен кӛмкеріліп, бip-бipiмен қосылады (169-


280 
сурет). Кейде олардың ортасы үгітіліп түседі. Сағақтарды, сабақты, 
мұртшаларды бойлап түзілген қоңыр дақтардың кейін ортасы бозарады. 
Ауру қоздырғышы – Мусrоsphaerella fragaria Sacc., саңырауқұлағы. 
Ол конидиялы кезеңінде – Ramularia tulasnei Sacc. деп аталады (169-сурет). 
Дақ бетін конидиятасушылар мен конидиялардан тұратын селдір, ақ түсті 
ӛңез басады. Топталып шыққан түссіз конидиятасушылардың жоғарғы 
бӛлігі сәл жіңішкерген, конидиялардың пішіні цилиндр тәрізді, түссіз, 1-3 
клеткалы. 
Жаз бойы ауру конидияларымен таралады да, кейін майда 
склероцийлер түзіліп, олар қураған және жасыл жапырақтарда қыстап 
шығады. Кӛктемде склероцийлер ӛніп, конидиялар түзеді. Жапырақта 
қыстап шыққан жіпшелерде де конидиялар пайда болады. Қураған 
жапырақтағы дақтарда кейде псевдотецийлер түзіледі. Олардың қалталары 
цилиндр тәрізді, қалтаспоралары түссіз, екі клеткалы. Кӛктемде 
аскоспоралар ӛсімдікті залалдайды. Саңырауқұлактың инкубациялық 
кезеңі – 10-15 күн. Алғашқы белгісі білінгеннен 7-9 күннен соң дақ бетінде 
конидиялар түзіледі. Жиi отырғызылған ӛсімдіктерде, органикалық 
заттары мол немесе ауыр топырактарда кесел қатты дамиды. Жылы, 
ылғалды ауа райы аурудың таралуына қолайлы. Саңырауқұлақ 20-22°С 
температурада жақсы дамиды. 
Жапырағының 70% ақ дақ ауруына шалдыққан ӛсімдіктің 
фотосинтез қарқындылығы тӛмендеп, ӛнiмi 10-15% кемиді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет