Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет195/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

6.1.5 Жеміс шірігі, немесе монилиоз 
Жеміс шірігі кеселі Республиканың барлық аймақтарында кең 
таралған. 
Залалданған жеміс бетінде алғашында қоңыр дақ түрінде пайда 
болып, ұлғайып бip-бipiмен қосылып, кейін жеміске тұтас тарайды. 
Жемістің жұмсақ ұлпалары шipiп, жеуге жарамай, кейін олар қарайып 
мумияланады (158-сурет). 
158-сурет. Алманың жеміс шірігі, монилиоз ( қоздырғышы – Stromaninia 
fructigena
Aderh. – қалталы кезеңі, Monilia fructigena Pers. – конидиялы кезеңі): 1 – 
залалданған жемістер, бетіндегі конидияспроалар жастықшаларымен; 2 – 
мумияланған (кепкен) жеміс; 3 – конидиятасушылар мен конидиялар 
тізбегі, жоғарғы жағында бос конидиялар 


265 
Ауру қоздырғышы – Stromaninia fructigena Aderh. – қалталы кезеңі, 
Monilia fructigena Pers. – конидиялы кезеңі саңырауқұлағы. Қоздырғыш 
шекілдеуікті жеміс дақылдарын залалдайды. Ӛсімдіктің алғашқы және 
қайта залалдануы конидиялар арқылы жүреді. Саңырауқұлақтың 
конидиялы жастықшаларының түci қоңыр, олар шеңберленіп орналасады. 
Жастықшаларда 
тығыз 
орналасқан 
жіпшелердің 
ұшынан 
конидиятасушылар дамиды. Онда пішіні жұмыртқа немесе эллипс тәрізді, 
кӛлемі 20-22 12-14 мкм конидиялар тізбектеліп орналасады. Жетілген 
кезде конидиялар тізбектен үзіліп желмен, жаңбырмен, насекомдармен 
таралып, ӛсімдіктерді залалдайды. 
Инфекция жеміске насекомдардың (жеміс жемірі) зақымдаған 
жарақаттары, әртүрлі жарықтар арқылы және ауру жемістер сау 
жемістермен жанасқанда енеді. Саңырауқұлақ 24-28°С температура мен 
75-80% ауа ылғалдылығында жақсы дамиды. Инкубациялық кезеңі – 3-5 
күн. Қоздырғыштың споралары 8-10 күнде түзіліп, вегетация кезінде 
бірнеше ұрпақ бepeдi. 
Бұл ауру қоймада да кездеседі. Саңырауқұлақ споралары 2°С 
жылылықта түзіле бастап, температура одан жоғары кӛтерілген жағдайда 
жеміс шіриді. Инфекция қоры – мумияланған жеміс. 
Кеселдің салдарынан жемістің сапасы тӛмендеп, қоймада 
сақталмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет