Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет197/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

6.1.7 Тамыр ісігі (рак) 
Ауру негізінен кӛшеттіктерде, сондай-ак, республиканың оңтүстік 
аймактарындағы бақтарда кең таралған. Кеселге шалдыққан ӛсімдіктердің 
дамуы саябырлап, суыққа тӛзімсіз келеді. 
Ауру қоздырғышы – Agrobacterium tumefaciens Conn, топырақ 
бактериясы. Ӛсімдік ұлпасына бактерия ӛскін мен ағаштарды бір жерден 
екінші жерге ауыстырып отырғызғанда залалданған тамырлар немесе 
насекомдардың жарақаттары арқылы енеді. Бактерия ӛсімдікке кӛзшелер, 
сондай-ақ тамыр қабығының шытынаған жарақаттары арқылы да енуі 
мүмкін. Қоздырғыштың әсерінен тамыр ұлпасы қарқынды ӛciп, iсік 
(бұлтық) пайда болады. Iciктep бастамасында жұмсақ түci ақ-сұр, кейін 
ағаштанып, қатып немесе ыдырап, бӛлініп түседі. 
Инкубациялық кезеңі 1,5-2 айға созылады. Бұлтықтар ӛсімдіктің 
негізгі, жанама тамырларында және ӛсімдіктің тамыр мойынында түзілуі 
мүмкін (160-сурет), соңғысы аса зиянды. Қоректік заттар жеткілікті 
болғанда бұлтықтар ipi болуы мүмкін. Залалданған ӛсімдіктің ӛcyi 
саябырлап, жапырақтары мерзімінен бұрын сарғаяды. Ісіктер ӛткізгіш 
түтіктерді тығындап, жас ӛciмдiктep жойылуы мүмкін. Aypyғa шалдыққан 
ӛсімдіктер 5 жылдан артыққа бармай, жеміс беру қабілеті тӛмендейді. 
Бактериялар насекомдармен, топырақты ӛңдегенде қолданылған 
құрал-саймандармен, отырғызылатын ауру материалдармен (кӛшеттер, 
телітушілер) таралады. 


268 
160-сурет. Алманың бактериялық тамыр ісігі (қоздырғышы –
Azotobacterrium tumefaciens Smith and Towsend): 1 – тамыр мойыны
мен жанама тамырлар бойындағы ісіктер; 2 – дерт шалған кӛшет 
Бұл кесел ауыспалы егістік талабы сақталмаған жағдайда және жеміс 
кӛшеттіктерін ұзақ жылдар бойы бip жерде орналастырғанда қатты 
дамиды. Реакциясы бейтарап немесе сәл негізді топырақ бактерияның 
дамуына қолайлы, ал қышқыл (рН-5 немесе одан тӛмен) ортада қоздырғыш 
ӛciмдiктi залалдау қабілетінен айрылады. 
Ауру барлық жеміс-жидек дақылдарында, сондай-ақ әртүрлі 
тұқымдасқа жататын кӛптеген ӛсімдіктерде – қызылша, қырыққабат, сәбіз, 
раушангүл, жүзім, тал, терек, құлмақ, қалампыр және т.б. кездеседі. 
Жеміс ағаштарының ішінде шекілдеуіктілер сүйекті жемістілерге 
қарағанда жиі залалданады, ал алмаға қарағанда алмұртта ауру қатты 
дамиды. Телітушілердің мәдени түрлері ауруды қабылдағыш, ал 
жабайылары – тӛзімді келеді. 
Аурудың салдарынан кӛшеттер нашар жетіліп, тіршілік қабілеті 
тӛмендейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет