Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет196/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

6.1.6 Алма мен алмҧрттың таты 
Кесел тат саңырауқұлағының ие-ӛсімдігі болып табылатын арша 
ӛсетін аймақтарда кездеседі. 


266 
 
159-сурет. Алмҧрт таты (қоздырғышы – Gymnosporangium sabinae 
(Dickd.) Wint.); 1 – бойында саңырауқұлақ эциялары бар залалданған 
жапырақтар; Алма таты (қоздырғышы – Gymnosporangium tremelloides 
Hartig); 2 – бойында саңырауқұлақ эциялары бар залалданған жапырақтар; 
3 – бойында саңырауқұлақ телиоспоралары бар аралық ӛсімдік – арша;
4 – эциоспоралар; 5 – телиопоралар 
Алма татының қоздырғышы – Gymnosporangium tremelloides Hartig., 
алмұртта – G. sabinae Wint. саңырауқұлақтары. Аталған қоздырғыштардың 
аралық иесі шекілдеуікті жемістілер (кӛбіне – арша) болып табылады. Бұл 
ауру аршаны әсемдік екпе ағашы ретінде ӛcipiлeтін саябақтарға жақын 
жерлерде кездеседі. Саңырауқұлақтар негізінде ӛсімдіктің жапырағын, 
кейде ӛркендерін, сағақтарын, жемістерін залалдайды. 


267 
Жапырақтың жоғарғы бетінде қызғылт, қызыл-сары дақтар пайда 
болып, оның бетінде майда қара ноқаттар – спермагонийлер (пикнидалар) 
түзіледі. Жапырақтың астыңғы бетінде, дақтардың тұсында топтанып 
пайда болатын ұзынша ӛскіндер – эцийлер кӛрінеді. Ондағы жетілген 
эциоспоралар ауа толқынымен, желмен таралып, аршаның қылқандарын, 
ӛркендерін және бұтақтарын залалдап, қыстайтын жіпшумақ түзеді. 
Залалданған бӛлікте иін пайда болып, ұлғайып бұтақты, ӛркенді 
шеңберлене қамтыса, онда ӛркен мен бұтақ қурап қалуы мүмкін. 
Арша діңінде, әcipece тамыр мойнында жаралар, бұлтықтар мен 
iciктep пайда болады. Кӛктемде залалданған бӛлікте қабық жарығында 
қоңыр ӛскін тәрізді телий тӛсеніш түзіліп, жаңбырдан кейін iciнiп 
шырышпен жабылады. Урединий кезеңі болмайды. Телиоспоралары 
сопақша, ұшіна таман жіңішкереді, екі клеткалы, қара-қоңыр, жіңішке 
сабақты, кӛлемі 39-40 22-28 мкм. Телиоспоралар базидияға ӛніп, онда 
түзілген базидиоспоралар желмен радиусы 40-50 км қашықтыққа таралып, 
аралық иесін залалдайды. 
Аурудың салдарынан фотосинтез үрдісі тӛмендеп, залалданған 
жапырақтар мезгілінен бұрын түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет