Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


-сурет. «Қалташық» ауруына шалдыққан алхоры жемістері



Pdf көрінісі
бет202/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

165-сурет. «Қалташық» ауруына шалдыққан алхоры жемістері 
 
Ауру қоздырғышы – Taphrina pruni Tul. саңырауқұлағы. Қоздырғыш 
жіпшумағы жеміс кутикуласының астында дамиды. Қалталары цилиндр
ал қалтаспоралары сопақша пішінді. Бip қалтада 8, кейде одан да кӛп спора 
болады. 
Ауруға шалдыққан бұтақтар жуандап, бұратылып ӛседі. Қоздырғыш 
бұтақтардың сыртқы қабатында қыстап, кӛктемде гүл сағағымен гүлге 
кӛшіп, кейін түйіндерді залалдайды. Кеш гүлдейтін және гүлдеу кезеңі 
ұзаққа созылатын сорттар, гүлдеуі қысқа мерзімде ӛтіп, ерте 
гүлдейтіндеріне қарағанда қатты залалданады. Гүлдеу кезеңіндегі жоғары 
ылғалдылық пен жылылық аурудың дамуына қолайлы болып табылады. 
Кесел ӛте зиянды. Залалданған жемістер қатайып, қалташыққа 
айналып, жеуге жарамсыз болады. 
 
6.2.4 Шабдалы жапырағының бҧйралануы 
Ауру Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі, әcipece Алматы 
облысында аса үлкен зиян келтіреді.
Кеселдің белгісі ерте кӛктемде жапырақтар түзілгенде байқалады. 
Залалданған жас жапырақтар қалыңдап, серпімділігі тӛмендеп, сынғыш 
келеді, пішіні қисайып, бұйраланады. Ауруға шалдыққан жапырақ 
бӛліктері қызғылт-сары немесе ашық-жасыл түске енеді (166-сурет). 
Мұндай жапырақтар кӛп ұзамай қурап, түсіп, кесел қарқынды дамығанда 
ағаш жапырақсыз қалады да, кейін түйіндері түсіп, қалғандары жетілмейді. 
Жапырақпен қатар ағаштың ӛркені және жемісі залалданады. Жеміс беті 
бұдырланып, кейде шытынайды, ал залалданған ӛркендер жуандап, 


274 
қисаяды. 
Кеселге 
шалдыққан 
ағаштардың 
ӛciп-ӛркендеуі 
саябырлап, қысқы аязға тӛзімсіз 
келеді. 
 
 
166-сурет. Шабдалы 
жапырағының бҧйралануы 
Ауру қоздырғышы – Taphrina 
deformans 
Tul
саңырауқұлағы. 
Залалданған жапырақтың астыңғы бетінде қалта мен қалтаспоралардан 
тұратын ақшыл немесе сұрғылт, тығыз ӛңез қалыптасады. Қалталар 
шоқпар немесе цилиндр тәрізді, әркайсысында 4-8 шар тәрізді 
қалтаспорадан түзіледі. 
Саңырауқұлақ аскоспоралар мен жіпшумақ түрінде бүршік 
қабыршақтарының арасында және жапырақта қыстап, кӛктемде ағашты 
қайта залалдайды. Аурудың таралуына кӛктемдегі ылғалы мол, салқын ауа 
райы қолайлы жағдай туғызады. 
Кеселдің салдарынан ағаш жапырақтары мезгілсіз түсіп, фотосинтез 
үрдіci күрт тежеліп, бұтақтар қурап, жемістері деформацияланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет