Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


Жеміс ағаштарының ауруларына қарсы қолданылатын



Pdf көрінісі
бет205/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

6.2.8.2 Жеміс ағаштарының ауруларына қарсы қолданылатын
химиялык шаралар 
Алма, алмұрт ағаштарының таз-қотыры және басқа да дақ 
ауруларына, монилиозға; алхоры, ӛpiк, шабдалы, шие, қызыл шиенің 
клястероспориозы, монилиозы, бұйралану кеселдеріне қарсы ерте 
кӛктемде, бүршіктену кезінде немесе одан ерте 3-4% бордос сұйығымен 
ӛңдеу; екіншісін – гүлдегеннен соң 1% бордос сұйығы немесе 90% мыс 
хлороксиді, с.ұ. – 0,4% ерітіндісімен бүркіп, үшiншiciн – 15-20 күннен 
кейін қайталау. 
Вегетация кезінде ақ ұнтақ ауруына қарсы 25% байлетон, с.ұ. – 0,4 
кг/га; 12,5% импакт, к.с. – 0,2л/га; 25% импакт, к.с. – 0,1 л/га; 25% скор, 
э.к. – 0,15-0,2 л/га; 18,25% каратан ФН-57, с.ұ. – 1-2 кг/га фунгицидтерінің 
бipeyiмeн 3 қайтара бүрку жүргізіледі: бipiншici – гүл түйіні қызғылттана 
бастағанда; екіншісі – гүлдеуден кейін; үшiншici – екінші ӛңдеуден 10-15 
күн ӛткен соң. 
 
6.3 Жидек аурулары 
Республикада жидек дақылдары саңырауқұлақ, бактерия, вирус және 
т.б. ағзалардың әрекетінен әртүрлі ауруларға шалдығады. Осы дақылдарда 
кездесетін кеселдердің кӛпшігілігін қоздыратын саңырауқұлақтар. 
Бүлдіргенде жиі кездесіп, кең таралған аурулар – ақ, қоңыр дақтар, 
сұр шipiк және ақ ұнтақ. Аталған кеселдердің зияндылығы ауа райы
дақылдарды ӛcipy агротехникасы және т.б. жағдайларға байланысты. Ал 
вертициллез, фузариоз және тағы бірқатар аурулар жеке аймақтарда 
кездеседі. 
Таңқурайдың аса зиянды аурулары дидимелла (қою-қызыл дақ), 
тамыр және сабақ iciктepi, антракноз. Ақ ұнтақ және басқа аурулары сирек 
кездеседі. 


279 
Қарақат пен қарлыған әртүрлі таттар, антракноз, септориоз, ақ ұнтақ 
және т.б. бірдей ауруларға шалдығады. Аталған кеселдердің аса зияндысы 
ақ ұнтақ ауруы. Сондай-ақ қарақатта бактериялы дақ ауруы кездеседі. 
Вирус ауруларына барлық жидек дақылдары шалдығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет