Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет204/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

 
6.2.7 Цитоспороз 
Ауру республиканың жеміс бақтарында кең таралған. 
Кеселден бұтақтар, ӛркендер, ағаштар қурайды. Залалданған 
бұтақтар мен ӛркендердің ұштары қурап, ойық жаралар пайда болады. 
Сүйекті жемістілердің залалданған ішкі ұлпалары қоңырайып, одан 
жағымсыз иісті шырыш бӛлінеді. Қабық жиырылып, діңнен ажырап, 
бетінде тӛмпешік тәрізді кӛптеген пикнидалар түзіледі (168-сірет). 
Ауру қоздырғышы – Cytospora туысының C. rubescens Fr., С. 
schulzeri 
Sacc. 
et 
Syd
және 
басқа 
саңырауқұлақтары. 
Бұл 
саңырауқұлақтармен барлық жеміс ағаштары, бұталар залалданады. Кесел 
жеміс ағаштарының ішінде сүйекті жемістілерге кӛп зиян келтіреді. 
Қоздырғыш негізінен майда, бip клеткалы конидиялар арқылы кебейеді. 
Олар жаңбыр тамшылары, насекомдар кӛмегімен таралады. Ылғалды 
жағдайда ағаштын тыныштық кезеңінде, яғни күзде, кӛктемде споралар
шашырап жаңа ӛсімдіктерді залалдайды. 
168-сурет. Цитоспороз ауруы: сол жақта – 
залалданған ағаш діңі; ортада – залалданған ағаш бұтағы; оң жақта – 
дерт шалған жжапырақтар 


277 
Әртүрлі жағдайлардан әлсіреген ағаштар жаз бойы залалдануы 
мүмкін. Кеселдің дамуына қолайлы темпераутра – 21-25°С. Ауруға 
шалдыққан бұтақтар байланған жеміс салмағынан, жел әсерінен оңай 
сынады. Қолайсыз жағдайдан әлсіреген ағаштар цитоспорозға тез 
шалдығады. Жіпшелер мен конидиялар ӛсімдіктің ауру бӛліктерінде 
қыстайды. Цитоспороздың әсерінен сүйекті жемістілердің жеке бұтақтары 
кейде ағаштар түгел қурап, жапырақтары мен жемістері майдаланып, ӛнім 
едәуір тӛмендейді. 
6.2.8.1 Жеміс ағаштарын аурулардан қорғау жҥйесі 
Жеміс дақылдарын аурулардан қорғау жүйесі агротехникалық, 
санитарлық, профилактикалық және химиялық шаралардан тұрады. 
Ӛсімдіктің қарқынды жетілуіне және ауруға тӛзімдігін арттыруға 
бағытталған агротехникалық шаралар: 
1. Жеміс ағаштарын тиімді схемамен отырғызу, сорттарын дұрыс 
таңдау; 
2. Ағаштарды мерзімінде бұталау; 
3. Тыңайткыштарды мӛлшерімен, ал калийді үстеме беру, азот 
мелшерін қадағалап, кӛбеюіне жол бермеу; 
4. Уақытылы суару; 
5. Қатар аралықтарын жыртып, ағаштың түп шеңберңін қопсыту; 
Аурудың дамуы мен инфекция қорының жинақталуын тежеудегі 
санитарлық-профилактикалық шаралар: 
1. Жеміс бақтары мен кӛшеттіктерді орналастыратын учаскелерді 
жеміс ағаштары бұрын ӛсірілмеген жерден таңдап, басқа бақтардан ара 
қашықтықты сақтау; 
2. Кӛшеттерді отырғызу алдында мұқият тексеріп, тамыры ауруға 
шалдыққан (тамыр мойны, негізгі тамыры) жарамсыз ағаштарды ipiктеп 
жою, тамырындағы ісіктерді жойып, ӛсімдіктің тамыр жүйесін 3% мыс 
купоросы ерітіндісінде ӛңдеп, сумен шаю; 
3. Вирустарды анықтаушы тест ӛсімдіктерді (индикатор) және 
серологиялық әдісті қолданып, вируссыз кӛшеттерді іріктеу; 
4. Телінгіштерді сау ӛсімдіктерден даярлау; 
5. Қураған және ауруға шалдыққан бұтақтарды бүршіктенуге дейін 
кесіп, ауруга шалдыққан қабықтың кеселденген бӛлігін кeciп, тазалап, 
бӛліктерді 3% мыс купоросы немесе 5% тем1р купоросымен ӛңдеп, үстіне 
бақ нұмын жағу; 
6. Цитоспороз кеселіне шалдыққан қабықты сүрегіне дейін тазалап
инфекция қорын жою мақсатында, ауру бӛлікпен шектелген сау ұлпаны 2-
3 см артық кесу; 
7. Қатты залалданған ағаштарды және жеке бұтактарды кесуде, 
сондай-ақ жарақаттарды тазартуға қолданылған құрал-саймандарды басқа 
ағашты ӛңдеу алдында 40% формалиннің 2-3% ерітіндісімен 


278 
дезинфекциялау; 
8. Ағаштың діңі мен негізгі бұтақтарын 1% мыс купоросына әк сүтін 
қосып ағарту; 
9. Инфекция қоры қыстайтын ӛсімдік қалдықтарын (жапырақтар, 
жерге түскен және ағаштағы мумияланған жемістер) жинап, бақтан 
шығарып кӛму немесе жағу;
10.Вирус инфекциясын таратушылар мен тат ауруының аралық 
ӛсімдікктерін (бӛpi қарақат, арша, қияқӛлең) жою; 
11.Жеміс 
қоймаға ipіктеп салып, сақтау кезінде ауруға 
шалдыққандарын шығарып жою;
12.Қоймада сақтау режимін мұқият қадағалау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет