275
167-сурет. Шабдалының ақ ҧнтақ ауруы: сол жақта – залалданған
жапырақтары;
оң жақта – дерт шалған шабдалы жемістері
Саңырауқұлақ жіпше түрінде залалданған ӛркендерде қыстап,
кӛктемде жіпшумақта конидиялар түзіліп, бастапқыда жас жапырақтарды,
кейін ӛркен мен жемістерді залалдайды. Ауруға шалдыққан ӛркендер
қурап қалады.
Ақ ұнтақ дертіне шалдыққан ағаштардың фотосинтезі тежеліп,
ӛнімінің сапасы мен мӛлшері тӛмендеп, суыққа тӛзімсіздігі артады.
6.2.6 Гоммоз
Сүйекті жемістілерде кездесетін, барлық жерде кең таралған ауру.
Ӛсімдіктің қолайсыз жағдайларға –
қоректенуінің бұзылуы, жоғары
ылғалдылық немесе оның тапшылығы, тӛменгі температура, механикалық
жарақаттар, телігіш пен телінушінің сәйкессіздігі,
микроорганизм
токсиндерінің әсері және басқалары – қарсы реакция ретінде ағаш діңі мен
бұтағындағы жапырақтардан немесе жемістерден қою, сарғыш желім
тәрізді сұйық шырыш бӛлінеді.
Жеміс
ағаштарының монилиоз, клястероспориоз, күйік, рак
аурулары гоммоздың тууына ықпал етеді. Қышқылды,
ылғалы мол
276
топыраққа шамадан тыс кӛп мӛлшерде енгізілген тыңайтқыштар
гоммоздың қарқынды дамуьша қолайлы жағдай туғызады.
Шырыш кӛбіне камбий аймағындағы клетка мен клетка қабығының
еруінен пайда болып, құрамы түрлі қанттардан тұрады.
Гоммоздың салдарынан жеке бұтақтар, әcipece жас ӛркендер
қурайды. Ауруға шалдыққан жас ағаштар жойылады.
Достарыңызбен бөлісу: