282
қызғылт, ашық-күлгін түске айналады. Жапырақ қалыңдап, қатайып, қола
түске енеді (171-сурет).
Ауруға шалдыққан жас жидектер жетілмей, қоңырайып, қурайды, ал
піскендерін ақ ӛңез басып, кӛгеріп, кебінесе шытынап, шіриді. Ӛсімдіктің
залалданған мұртшалары қурайды.
Ауру қоздырғышы –
Sphaerotheca macularis Magn.f. fragariae Jacz.
саңырауқұлағы.
Конидиятасушылары қысқа, конидиялары түссіз, бip
клеткалы, эллипс тәрізді, тізбектеліп орналасып, жаз бойы бірнеше ұрпақ
береді. Ылғалдылығы жоғары, жылы ауа райы саңырауқұлақтың дамуына
қолайлы. Инкубациялық кезеңі жас жапырақтарда – 3-4, ал ескілерінде – 6-
7 күн. Жас ӛсімдіктер ересектеріне қарағанда қатты залалданады. Ауруға
шалдыққан ӛcімдік бӛлігінде саңырауқұлақ жіпшумақ және клейстотеций
түрінде қыстап шығады.
171-сурет. Бҥлдіргеннің ақ ҧнтақ және сҧр шірік аурулары 1 – дерт
шалған ӛсімдік
1а – кеселді жасыл жемістері;
1б – конидиятасушылар мен
конидиялар тізбегі;
1в – қалталар мен қалтаспоралары бар клейстотеций;
2
– сұр шірік кеселіне шалдыққан бүлдірген жемістері
283
Залалданған бүлдіргеннің ӛcyi саябырлап, жапырақтары қурап, кӛк
жидектері семіп, ал піскендері жұмсарып, шіриді.
6.3.1.4 Сҧр шipiк
Сұр шірік бүлдіргеннің кең таралған, зиянды ауруларының бipi. Бұл
кеселге ӛсімдіктің кӛбіне жидектері залалданады.
Жидек бетінде жеке
дақтар пайда болып, тез ұлғайып, оны шірітеді. Бетін сұр ӛңез
басқан
жидек ӛзіне тән дәмі мен иісін жояды.
Ерте залалданған ӛсімдіктің гүл бүршігі, гүлі, гүл және жеміс
сағақтары ауруға шалдығады. Ауруға шалдыққан ӛсімдік мүшелерінің
бетінде қара-сұр дақтар пайда болып, беті сұр ӛңезбен бүркеліп, шіриді
(171-сурет).
Ауру қоздырғышы –
Botrytis cinerea Реrs. саңырауқұлағы.
Конидиялары түссіз (массасы кӛгілдір),
сопақша пішінді, бip клеткалы.
Олар бұтақталған конидиятасушылардың ұшында топталып түзіледі.
Конидиялар жел және жаңбыр кӛмегімен таралады. Сыртқы ортаның
әсеріне конидиялар ӛте тӛзімді
, тipшiлігiн 1-2 жылға дейін сақтауы мүмкін.
Тамшы күйіндегі ылғал болған жағдайда олар ӛнеді, сондықтан жиі
жаңбыр, мол шық және ӛсімдік жиілігі
аурудың қарқынды дамуына
қолайлы жагдай туғызады. Саңырауқұлақ негізінен әлсіреген ӛсімдіктерді
немесе жарақаттанған ұлпаларды залалдайды да, оның токсиндері сау
клеткаларға тарап, жансыздандырады. Инфекция қоры залалданған ӛсімдік
қалдықтарында
және
топырақта
склероций
түрінде
сақталады.
Склероцийлердің пiшiні мен кӛлемі әртүрлі (2-5 мм), түсі қара. Олар
жіпшумаққа ӛніп, конидиятасушыларда түзілген конидиялар ӛсімдікті
қайта залалдайды.
Жауын-шашыны мол жылдары аурудың салдарынан жидек ӛнімінің
едәуір бӛлігі жойылып, кеселдің зияндылығы артады.
Достарыңызбен бөлісу: