Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет36/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

4-сурет. Картоптың рак ауруы: 
1 – залалдалған түйнек; 2 – цисталар; 3 – зооспоралар; 4 және 5 – 
паразиттің ӛсімдік ұлпасында жетілуі; 6 және 7 – зооспоралар және 
олардың жұпталып қосылуы; 8 – залалдалған ӛсімдік ұлпасында 
тыныштық күйдегі саңырауқұлақ спораларының түзілуі. 
Саңырауқұлақтың кӛп клеткалы плазмодийі ұдайы клетка ішінде 
жетіледі. Қолайсыз жағдайлар туған кезде плазмодийден сырты қалың 
қабықшамен қапталған цисталар түзіледі. Олар ұзақ мерзім бойына (10 
жыл және одан да ұзақ) топырақта сақталуы мүмкін. Ылғалды жерде 
цистадалардан дара талшықты зооспоралар ӛсіп шығады. Түйнектер 
(кӛбіне кӛзшелерінің тұсы) дара немесе қосарланған зооспоралармен 
залалданады. Егер залалдану дара зооспоралармен жүрсе жетілген 
плазмодийден түзілетін цисталар ұзақ сақталуға қабілетсіз (жаздық 
цисталар). Ал қосарланған цисталармен залалданса цисталар ұзақ 
сақталады. 
Осы қатарға жататын тағы бір маңызды саңырауқұлақ түрі – 
қырыққабат, шалқан және басқа да крестгүлді тұқымдасына жататын 


45 
ӛсімдіктердің қара сирақ ауруының қоздырғышы – Olpidium brassicae 
Dang. Аталған екі саңырауқұлақ та облигатты паразиттер қатарына 
жатады. Кеселдің жетілуі топырақтың ылғалдылығы жоғары болған 
жағдайда жүреді. Сондай-ақ олар үшін топырақ ерітіндісінің реақциясы 
қышқыл болуы қолайлы.
Хитридиомицеттер қоздыратын аурулардан ӛсімдіктерді қорғауға 
бағытталатын басты бағыттар: 
ауыспалы егістік талабын сақтау: дақылдар бір танапқа цисталар 
тіршілігі жойылмай қайта отырғызылмауы тиіс; 
ӛндіріске ауруларға тӛзімді сорттарды енгізу; 
қышқыл топырақтарды ізбестеу (әктеу). 
6.2.2 Оомицеттер класы  (Oomycetes) 
Бұл класқа жататын саңырауқұлақ ӛкілдерінің вегетативтік денесі 
кӛп ядролы бір клеткалы мицелийден тұрады. Ол жақсы жетілген, 
тармақталған жіпшелерден (гифтерден) тұрады. Жыныстық үрдіс оогамия 
типі бойынша ӛтеді. Мицелий бойында жыныстық клеткалар: аналық – 
оогониялар және аталық – антеридиялар. Олар қосылғанда тыныштық 
күйдегі споралар (ооспоралар) түзіледі. Қолайлы жағдай туғанда 
ооспоралар кӛбіне қос талшықты зооспораларға ӛнеді. Зопроганиялар мен 
зооспоралар – жыныссыз кӛбею мүшелері. Зооспоралардың кӛмегімен 
ӛсімдіктердің алғашқы залалдануы жүреді. Тармақталған мицелийлердің 
ұшында жазғы зооспорангиялар түзіледі. Олар вегетация кезінде 
ӛсімдіктерді екінші қайтара залалдауы мүмкін. 
Оомицеттер класына 5 қатарға жататын сапротрофты және паразит 
түрлер жатады. Саңырауқұлақтарды қатарларға жіктеу мицелийдің
зооспорангийдің және ооспоралардың морфологиялық ерекшеліктеріне 
негізделеді.
Оомицеттер класының фитопатогенді қасиеті бар саңырауқұлақ 
ӛкілдері 
Сапролегниялы 
(Saprolegniales
және 
Пероноспоралы 
(Peronosporales) қатарларына жатады. 
Сапролегниялылар қатары. Бұл қатарға негізінен су қоймаларында 
немесе 
ылғал 
топырақта 
сапротрофты 
күйде 
тіршілік 
ететін 
саңырауқұлақтар түрлері жатады. Олардың арасында ӛсімдіктер мен 
жануарлардың бойында паразит ретінде тіршілік ететін бірнеше түр 
кездеседі. Мысалы, оларға қызылша кӛгінің тамыр шірігі – Aphanomyces 
cochlioides Drechs. кіреді.
Пероноспоралылар 
қатары. 
Бұл 
қатарға 
жататын 
саңырауқұлақтардың жақсы тармақталған мицелийлерінде дараланған 
зооспорангия тасушылар (конидия тасушылар) түзіледі. Саңырауқұлақ 
ооспоралары ұлпа ішіндегі мицелийдің бойында түзіліп, ӛсімдік 
қалдықтарында сақталады. Ал олар шірігеннен соң тіршілікке 


46 
қабілеттілігін жоймастан 2 жыл, кейде одан да ұзақ мерзім, бойына 
сақталады. 
Пероноспоралылардың кӛбі паразиттер, тек бірқатары ғана суда 
сапротрофты тіршілік етеді.. Пероноспоралылар қатарына үш тұқымдас 
кіреді: Питиелілер, Пероноспоралылар және Альбуголылар. Олардың 
ішінде алғашқыларының саны ӛте кӛп. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет