6.1
Шырындылар, немесе миксомицеттер (Myxomicota)
Бұл саны бойынша кӛп емес бӛлім. Олардың вегетативтік денесі кӛп
ядролы жалаңаш цитоплазма түрінде болады. Ол плазмодий деп аталады.
Плазмодийдің ӛз дербес қабықшасы және тұрақты пішіні болмайды.
Жыныстық үрдісі изогамия типінде ӛтеді. Изогамия кезінде әржынысты
гаплоидты зооспоралар қосылып, диплоидты плазмодий түзеді. Жыныссыз
кӛбеюі зооспоралар кӛмегімен жүзеге асады.
Миксомицеттердің плазмодиофоромицеттер (Plasmodiophoromycetes)
класына жататын миксомицеттер фитопатогендер болып табылады. Бұл
клетка ішінде тіршілік етуге бейімделген, негізінен гипертрофалық
(шамадан тыс ұлғайған) клеткалардан тұратын ісік тудыратын облигатты
паразиттер. Ауру қоздырғышы тыныштық күйде болатын споралар түзеді.
Олар ӛсімдік қалдықтары шірігеннен соң топыраққа еніп, бірнеше жылдар
бойына сақталуы мүмкін. Кейін зооспоралар ӛніп ӛсімдіктердің топырақ
асты мүшелерін залалдайды.
Ең жиі кездесетін ӛсімдік ауруларының ішінде зиянды екі түрін
атауға болады: крестгүлділер тұқымдасына жататын ӛсімдіктердің кила
ауруының қоздырғышы – Plasmodiophora brassicae Wor. және картоптың
ұнтақты таз қотыр ауруының қоздырғышы – Spongospora subterranca
(Wallr.) Jonson. Шырындылар бӛліміне жататын басқа түрлерінің кӛбі –
ӛсіп тұрған ӛсімдіктерге қауіп тӛндірмейтін – сапротрофтар.
6.2 Нағыз саңырауқҧлақтар (Eumycota) бӛлімі
Бұл бӛлім ӛкілдерінің вегетативтік денесі субстраттың бетінде
немесе бойында орналасатын мицелий күйінде болады. Жыныс үрдісінің
типі және басқа да бірқатар белгілері бойынша саңырауқұлақтар 6 класқа
біріктірілген:
Хитридиомицеттер,
Оомицеттер,
Зигомицеттер,
Аскомицеттер, Базидиомицеттер және Деутеромицеттер. Алғашқы үшеуі
тӛменгі сатыдағы саңырауқұлақтар тобына жатады.
|