44
6.2.1 Хитридиомицеттер класы (Chytridiomycetes)
Бұл класқа жататын саңырауқұлақтардың вегетативтік денесі нашар
жетілген және плазмодий немесе мицелий бастамасы болуы мүмкін. Бұл
класс саңырауқұлақтарының ішінде кең тарағандары Хитридий тәрізділер
немесе Хитридиалес
(Chytridiales) қатарының ӛкілдері. Олардың қатарына
мысалы картоптың рак ауруының қоздырғышы –
Synchitrium endobioticum
Pers. саңырауқұлағы жатады (4-сурет).
Картоптың рак ауруының
қоздырғышы вегетативтік денесінің морфологиясы
және залалданатын
ұлпаға әсер ету сипаты бойынша плазмодиофоралы
саңырауқұлақтарға
ұқсайды. Бұл аурумен негізінен картоптың түйнегі залалданады. Залалдану
сипаты – клеткалардың қарқынды бӛлінуінің нәтижесінде түйнектердің
бетінде ӛсінділер түзілуі (гиперплазия құбылысы).
Достарыңызбен бөлісу: