Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет38/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

6.2.3 Зигомицеттер класы (Zygomycetes) 
 
Оомицеттердікі сияқты зигомицеттердің де мицелийлері жақсы 
жетілген, 
тармақталған, 
кӛп 
ядролы, 
бірклеткалы. 
Олардан 
айырмашылығы – зигомицеттерге жыныс үрдісінің тән болуы: 
морфологиялық белгілері бойынша бір-бірінен айнымайтын аналық және 
аталық клеткалары қосылуы. Бұл үрдіс зигогамия деп аталады. Жыныс 
клеткаларының нәтижесінде түзілетін зигоспора қолайсыз жағдайларда 
сақталуға қабілетті. 
Зигомицеттер класы 2 қатарға бӛлінеді: Мукор тәрізділер және 
Энтомофторалылар.
Мукор тәрізділер (Mucorales) – табиғатта кең тараған, кәдімгі 
сапротрофтар. Олардың негізгі туыстары Mucor және Rhizopus. Олар 
органикалық қалдықтарға бай топырақта тіршілік етеді, тұқымдар мен 
жемістердің, ӛсімдік тектес жем-шӛптің және ӛнімдердің сақтау кезінде 
кӛгеріп, шіруін қоздырады. 
Энтомофторалылар 
(Entomophthorales
қатарына 
ауыл 
шаруашылық дақылдарын зиянды насекомдардан биологиялық жолмен 
қорғау мақсатында қолданылатын насекомдар паразиттері жатады. 
6.2.4 Аскомицеттер 
немесе 
Қалталы 
саңырауқҧлақтар 
(Ascomycetes) класы 
 
Бұл класқа жататын саңырауқұлақтардың мицелийлері жақсы 
жетілген, кӛп клеткалы. Бұл класс саңырауқұлақтарының ерекше белгілері 
– жыныс үрдісінің нәтижесінде «аск» деп аталатын арнайы қалталарда 
аскоспоралардың (қалталы споралардың) түзілуі. Олардың қатарында 
қоректену ерекшелігі бойынша сапротрофтар, жартылай паразиттер және 
паразиттер кездеседі.
Қалталарын түзу ерекшелеріне қарай бұл саңырауқұлақтар класы 3 
класс тармағына бӛлінеді: Жалаңаш қалталылар немесе Гемиаскомицеттер 
(Hemiaskomycetidae), 
Жеміс 
қалталылар 
немесе 
Эуаскомицеттер 
(Euascomycetidae) және Қуыс қалталылар немесе Локуломицеттер 
(Lokuloascomycetidae).
Жалаңаш қалталылар (Hemiaskomycetidae) класс тармағының 
мицелиінде орналасқан қалталарының (аскілерінің) жеміс денелері немесе 
ол тәрізді түзілімдері болмайды. Бұл класс тармағына сапротрофты 
қоректенетін ашытқы саңырауқұлақтары, сондай-ақ шабдалы, ӛрік 
ағаштарының жапырақтарының бүрісуін туындататын ӛсімдік паразиттері 
– тафрин саңырауқұлақтары жатады. 


49 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет