Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет32/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

 
 


40 
5.1 Саңырауқҧлақтардың кӛбеюі, сақталуы және таралуы 
 
Саңырауқұлақтар вегетативті және репродуктивті жолмен кӛбейеді. 
Вегетативтік кӛбею мицелий бӛліктерімен немесе оның түрӛзгерістерімен 
жүреді. Ал споралар кӛмегімен репродуктивті кӛбеюі жыныстық және 
жыныссыз жолмен жүреді. Жыныссыз споралар, немесе конидиялар, 
кӛбіне тарамдалған гифтердің ұшында мицелийлердің жеке учаскелерінің 
оқшаулануымен жүреді. Бұндай гифтер споралы немесе конидиялы деп 
аталады. Конидиялар арнайы мицелия текті орындарда, мысалы, 
жетілмеген саңырауқұлақтар класының кейбір түрлеріне тән пикнидаларда 
түзілуі мүмкін.
Жынысты жолмен кӛбейгенде екі сапасы әр келкі жыныс 
клеткаларының ядросы мен цитоплазмасы қосылады. Гаметалардың 
қосылуы нәтижесінде зигота түзіледі.
Жыныстық, кейде жыныссыз жолмен түзілген споралар, тірі 
мицелиялар 
және 
оның 
түрӛзгерістері 
күйінде 
фитопатогенді 
саңырауқұлақтар 
ӛсімдік 
қалдықтарында, 
топырақта, 
тұқымдық 
материалдардың бойында сақталады. 
Вегетация 
кезінде 
ӛсімдіктердің 
алғашқы 
залалдануы 
саңырақұлақтардың тыныштық күйдегі формалары есебінен жүрсе, ӛсіп 
тұрған кезінде ӛсімдіктен ӛсімдікке тарауы конидиалы споралар түзілуі 
есебінен жүреді. Споралар желмен, суарғанда немесе жауын-шашынмен, 
жануарлар, насекомдар кӛмегімен, залалданған тұқымдық материалды 
тасымалдағанда және ӛсімдіктерді күтіп-баптау барысында тарайды. 
Даму циклдері. Үздіксіз, әртүрлі сатылардан ӛтіп, алғашқы 
формалардың түзілуімен аяқтала жүретін үрдіс саңырауқұлақтардың даму 
циклі деп аталады. Ең қарапайым даму циклі Оомицет класына жататын 
саңырауқұлақтарға тән. Тыныштық күйдегі жыныстық ооспораларынан 
қозғалғыш зооспоралары бар зооспорангийлер түзіледі. Олар ұлпаға клетка 
аралықтарымен еніп ӛсімдіктерді залалдайды. Залалданған ұлпалардың 
бетінде бойында споралары бар споралы түзілімдер түзіледі. Бұл 
жыныссыз споралар ӛсімдіктерді екінші кезекті залалдайды. Кейін 
ӛсімдіктер ұлпасының бойындағы мицелийлерде ооспоралар түзіледі. 
Саңырауқұлақтардың даму циклі барысында әр типті споралар түзу 
қабілеті плеоморфизм деп аталады. Бұған даму циклі тезбектеліп келетін 5 
сатыдан тұратын Базидиалдылар класына жататын тат ауруын қоздыратын 
саңырауқұлақтар мысал бола алады. 
Кӛпшілік саңырақұлақтардың бүкіл даму циклі бір ӛсімдікте ӛтеді. 
Сонымен қатар кейбір тат саңырауқұлақтарының даму циклі екі түрлі 
ӛсімдіктерді ӛтеді. 
Ӛсімдік ауруларына қарсы қорғаныш шараларын жасақтау үшін 
саңырауқұлақтардың даму циклін білудің маңызы зор. Саңырауқұлақтың 
тыныштық сатысына қарсы алғашқы инфекция әсерін азайтуға немесе оны 


41 
тұтас құртуға бағытталған алдын алу (профилактикалық) немесе жою 
шаралары тиімді. Жыныссыз споралардың таралуына қарсы химиялық улы 
заттар қолдану, немесе кӛп таралмаса, спораның түзілуіне қолайсыз 
жағдай жасау қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет