47
тармақталған, ұшында зооспоралар түзетін
зооспорангийлер немесе
мицелийлер ӛсіп шығатын конидийлер болады;
ауру қоздырғыштармен негізінен ӛсімдіктің топырақ беті мүшелері, оның
ішінде кӛбіне жапырақтар залалданады;
ӛсімдік ұлпаларының залалдануы леп тесіктері арқылы ӛсіп шығатын
зооспоралармен немесе конидиялармен жүреді.
Жалған ақ ұнтақ ауруының белгілері (симптомалары) бір типті
болып келеді: жапырақ алақанының үстіңгі бетінде сарғыш,
қызғылт
немесе қоңырқай дақ түседі, ал тӛменгі бетінде үстіңгі даққа сәйкес – ақ,
кейде боз түсті споратүзу ӛңезі пайда болады. Ауру қоздырғыштардың
тыныштық күйдегі формасы ретінде кӛбіне ұлпа ішінде түзілетін
ооспоралар болып табылады. Олар топырақта 2-4 жыл бойына сақталуға
қабілетті. Вегетативті жолмен кӛбейетін ӛсімдіктер мен кӛп жылдық
дақылдар залалданса инфекция мицелий түрінде де сақталуы мүмкін.
Кеселмен екінші қайтара залалдануы жыныссыз жолмен түзілген споралар
(зооспоралар немесе конидийлер) кӛмегімен жүреді. Олар спора
тасушылардар бӛлініп, желмен, сумен, кейде насекомдар кӛмегімен де
таралады.
Зооспоралар мен конидийлер тек тамшы күйіндегі ылғал болса ғана
ӛсе алады, ал спора түзуі ауа ылғалдылығы салыстырмалы түрде
жоғары
болғанда ғана жүреді.
Саңырауқұлақ тұқымдасының туыстарға бӛлінуі спора тасушылар
мен жыныссыз споратүзу спораларының морфологиялық ерекшеліктеріне
негізделеді. Ауыл шаруашылығы дақылдар үшін ең қауіпті ауру
қоздырғыштары 2 туысқа жатады: Пероноспора (
Peronospora) және
Плазмопара (
Plasmopara).
Конидия тасушыларының тармақталуы –
Peronospora туысының
саңырауқұлақтарында
дихиотомиялық болса,
Plasmopara туысының
ӛкілдерінде – моноподиалды. Бұл екі туысқа да кӛптеген түрлер жатады.
Олардың ішінде жалған ақ ұнтақ немесе пероноспороз ауруының
қоздырғыштары: асбұршақтікі –
Peronospora pisi Syd., бұршақтардікі –
Peronospora fabae West., жоңышқанікі –
Peronospora aestivalis Syd., сиыр
жоңышқанікі –
Peronospora pratensis Syd., крест гүлді дақылдардікі –
Peronospora brassicae Gaeum, күнбағыстікі –
Plasmopara helianthi Novot,
жүзімдікі –
Plasmopara viticola және басқалары.
Альбуголылар тұқымдасы (Albuginaceae). Облигатты паразиттер. Ең
кең тараған түр
Albugo candida Lev. – крестгүлділердің ақ таты ауруының
коздырғышы.
Оомицеттер класына жататын ауру қоздырғыштарына қолданылатын
негізгі қорғаныш шаралары мынадай:
ауыспалы егістік
талаптарын қатаң сақтау;
орта ылғалдылығын (әсіресе жылыжайларда) реттеу;
ӛндіріске ауруларға тӛзімді сорттарды ендіру;