8
3.4 Қызылша аурулары
163
3.5 Картоп арулары
179
Бақылау сұрақтары
194
4-тарау. Кӛкӛніс дақылдарының аурулары
195
4.1 Қырыққабат аурулары
195
4.2 Қызанақ аурулары
204
4.3 Сәбіз аурулары
214
4.4
Пияз және сарымсақ аурулары
218
5-тарау. Асқабақ тҧқымдас дақылдардың аурулары
222
Бақылау сұрақтары
231
6-тарау. Жеміс және жидек дақылдарының аурулары
232
6.1 Шекілдеуікті жеміс ағаштарының аурулары
232
6.2 Cүйекті жемістілердің аурулары
243
6.3
Жидек аурулары
248
6.4 Жүзім аурулары
265
Бақылау сұрақтары
274
Әдебиеттер
308
9
К І Р І С П Е
Дүние жүзіндегі ауыл шаруашылығы саласының даму тарихында
диқандардың ӛсімдіктерді зиянды ағзалардан қорғау мәселесіне дұрыс ден
қоймауы, не қорғау шараларын сауатсыз, жүйесіз ұйымдастыруы дақылдар
ӛнімінің және оның сапасының күрт тӛмендеуіне ұрындыратынына куә
болатын деректер жетерлік. Ерте дәуірдегі егіншіліктің алғашқы
қадамдарының ӛзі бір дақылды бір жерде ұзақ ӛсірудің (монокультура)
зиянды ағзалардың бір жерде шоғырлануға жол беретіні белгілі болды.
Бүгінгі күні жер бетінде 120
мыңнан астам ауру қоздырғыш
саңырауқұлақ түрлері, фитопатогенді бактериялардың 100 тарта және
шамамен 600 тарта фитопатогенді вирус түрлері тіршілік етеді (С.Я. Попов
және басқалары, 2003). Олардың кӛбі екпе дақыл түрлерімен тұрақты
қоректік
байланыс құрған, дақылдарды біраз уақыт ӛсірмесе тыныштық
күйде сақталуға және қайта ӛсіре бастаған кезде сан мӛлшерін қысқа уақыт
аралығында қалпына келтіруге бейімделген.
Сондықтан бүгінгі таңда ауыл шаруашылық дақылдарын ӛсіру
технологиясының басты бағыттарының бірі және ӛнімді арттырудың ең
маңызды факторы – дақылдарды зиянкестерден,
аурулардан және арам
шӛптерден қорғаудың кешенді шаралары. Олар ӛсіп тұрған кезде ғана зиян
келтіруімен қатар сақтау кезінде де ӛнімнің бұзылуын туындатады.
Зиянкестердің, аурулардың және арам шӛптердің жылдық шығыны орташа
есеппен 20-30 % болып табылады. Олардың ішінде аурулар зиянының үлес
салмағы шамамен үштен бірі, алайда ауру кӛп тараған жылдары
жартысына дейін жетеді (мысалы бидайдың тат, картоптың фитофтора
сияқты аурулары).
Дұрыс және ғылыми тұрғыдан
негізделіп ұйымдастырылған
қорғаныш шаралары, оларды уақытымен орындау аурулар зиянын едәуір
тӛмендетуге мүмкіндік береді. Сондықтан, аурулардың туындау себептері,
жұқпалы (инфекциялық) ауру қоздырғыштарының биологиясы,
аурудың
даму сипатын анықтайтын үрдістер, ауруларды дұрыс анықтай білу,
олардың даму заңдылықтары туралы терең және нақты білудің маңызы ӛте
зор.
10
Ӛсімдік аурулары және олардан қорғау шаралары туралы ғылым
саласы
фитопатология деп аталады. Бұл ғылымның мақсаты
инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды
зерттеу және олардан
қорғаудың ғылыми негізделген шараларын жасау.
Достарыңызбен бөлісу: