14
2-тарау. Ӛ С І М Д І К А У Р У Л А Р Ы Н Ы Ң Ж І К Т Е Л У І
Ӛсімдік ауруларын жеке белгілеріне қарап
немесе бір топ белгілері
бойынша топтарға жіктеп, жүйелеу аурудың табиғатын танып білуге және
оны анықтауға (диагностикалауға) мүмкіндік береді.
Ӛсімдік ауруларын жіктеудің ең қолайлысы аурудың туындау себебі
бойынша жіктеу болып табылады. Бұндай тәсілмен жіктеу бойынша
ӛсімдік аурулары жұқпалы емес (инфекциялық емес)
және жұқпалы
(инфекциялық) болып екіге бӛлінеді.
Жұқпалы емес немесе
инфекциялық емес аурулар ӛсімдікке қоршаған
ортаның абиотикалық – температура,
ауа немесе топырақ ылғалдылығы,
минералдық қоректену т.б. факторлардың әсерінен туындайды;
Жұқпалы немесе
инфекциялық аурулар әр түрлі
ауру қоздырғыш
организмдер – патогендердің: саңырауқұлақтар,
бактериялар, вирустар,
микоплазмалық организмдер, гүлді паразиттер, әрекетінен туындайды.
Ӛсімдік ауруларын жіктеудің басқа да түрлері бар:
ұқсас дақылдар
тобы бойынша (дәнді дақылдар тобы,
бұршақ тұқымдас дақылдар тобы,
бақша дақылдары т.б. аурулары), жеке дақылдардың аурулары (бидай,
арпа, қара бидай, тары, картоп, қырыққабат т.б. аурулары); Залалданатын
ӛсімдік мүшесі бойынша – жапырақ, сабақ, бүршік, гүл, тұқым, жеміс т.б.
аурулары; Ӛсімдіктердің ӛсіп-жетілу кезеңінің залалдануы – ӛсімдік
кӛгінің залалдануы,, гүлдеу кезінде залалдануы, пісу кезеңінде залалдануы
т.б.
Аталғандардан басқа да ӛсімдік ауруларын жіктеу түрлері болуы
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: