15
анықтау барысында және қорғау шараларын жүргізген
кезде аталған
факторларды естен шығармау қажет.
Азоттың жетіспеуі (А). Ӛсімдіктердің ӛсуі баяулайды.
Жапырақтары ұсақталып, реңі ағарады. Азоттың жетіспеуі жоғары
дәрежеде
болса жемістері ұсақталып, кейде уақытынан бұрын түсіп
қалады. Топырақ қышқылдығының жоғары болуы азоттың жетіспеу
дәрежесін арттырады.
Фосфордың жетіспеуі (Р). Бұндай жағдайға душар болған
ӛсімдіктердің ӛсіп-жетілуі және репродуктивті мүшелерінің түзілуі
қарқындылығы баяулайды. Дертті ӛсімдіктер
жапырақтарының бетінде
немесе олардың жүйкелерінің бойында қызғылт немесе сия кӛк түсті
дақтар немесе жолақтар пайда болады. Мысалы, фосфор жетіспеген
жағдайда картоп жапырақтарының бетінде қызыл-күрең дақтар пайда
болады, немесе түйнектерінің «таттану» ауруын байқауға болады. Бұндай
жағдайда картоп түйнектерінің кӛлденең кесіндісінде қызғылт күрең (тат)
дақтар
пайда болады, түйнек құрамындағы крахмал және С-дәруменінің
мӛлшері едәуір кемиді. Бұршақ тұқымдас ӛсімдіктердің фосфордың
жетіспеуі тұқымының дұрыс жетілмеуін туындатады.
Достарыңызбен бөлісу: