Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет14/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

2.2
 И Н ФЕКЦ И ЯЛ ЫҚ АУ Р У Л АР
 
 
Инфекциялық ауруларды гетеротрофты ағзалардың қатарына 
жататын (яғни ӛздігінен органикалық заттарды түзуге қабілетсіз) 
саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар мен вироидтар, микоплазмалық 
организмдер, сол сияқты гүлді паразит ӛсімдіктер қоздырады. 
Инфекциялық аурудың негізгі қасиеті – бір ӛсімдіктен екіншісіне жұғып 
тарайтындығы. 
Инфекциялық аурулардың негізінде паразитизм құбылысы жатады, 
яғни фитопатоген (ӛсімдік ауруының қоздырғышы) ӛсімдік бойында 
түзілетін дайын органикалық заттарды пайдаланады, осының нәтижесінде 
ӛсімдік ағзасының қалыпты тіршілік үрдісі бұзылады. Паразиттік 
дәрежесіне қарай фитопатогенді ағзалар 3 категорияға бӛлінеді:
 
факультативті паразиттер; 
 
факультативті сапротрофтар; 
 
облигатты, немесе міндетті, паразиттер. 
Фитопатогендердің бұл категориялары ӛсімдік қалдықтарының 
органикалық заттарымен қоректенген және ілкі баста ӛсімдік ауруларын 
қоздыратын қасиеті болмаған облигатты сапротрофтардың ұзақ мерзімді 
эволюциясының негізінде пайда болған. 
Факультативті паразиттер – негізінен сапротрофты түрде 
қоректенетін ағзалар. Олар тек ӛте әлсіреген тірі ӛсімдіктерді ғана 
залалдайды. Бастапқыда олар ӛсіп тұрған ӛсімдік ұлпасының ӛлі 
учаскелеріне түседі, кейін осы учаскемен шектес сау ұлпаға да шауып, бұл 
учаскелерді ӛздерінің метаболит ӛнімдерімен (кӛбіне токсиндермен) 
ыдыратады. Факультативті паразиттер қатарына кӛптеген фитопатогендер 
тобы жатады. Мысалы, кӛптеген ауыл шаруашылық дақылдарының боз 
шірік ауруының қоздырғышы болып табылатын Botrytis cinerea 
саңырауқұлағы факультативті паразиттер қатарына жатады. 
Факультативті 
сапротрофтардың, 
немесе 
сапрофиттердің 
ерекшеліктері – тіршілік циклінің негізгі бӛлігін тірі ӛсімдіктердің 
бойында ӛткізеді, алайда белгілі бір жағдайларда (бұл категорияға жататын 
патогендердің кӛпшілігіне міндетті түрде) ӛлген ұлпалардың бетінде 
қалып, тіршілігін жалғастырады. Факультативті сапротрофтар қатарына 
жоңышқа антракнозы ауруының қоздырғышы Colletotrichum trifolii 
саңырауқұлағы, асбұршақ аскохитозының қоздырғышы – Ascochyta pisi 
саңырауқұлағы, алма таз қотыры ауруының қоздырғышы – Venturia 
inaequalis саңырауқұлағы және басқалары жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет