11
бактерия, саңырақұлақтар) немесе ортаның қолайсыз жағдайларының
әсерінен болады. Ауруды анықтау үшін дақтың түсіне, мӛлшеріне,
пішініне, ӛсімдіктің немесе оның мүшелерінің бойында орналасқан жеріне
және түзілу динамикасына кӛңіл аудару қажет. Кӛбіне аурулардың
ӛздеріне тән дақ ерекшеліктері болады. Мысалы қызылшаның
церкоспороз, бидайдың септориоз немесе тат ауруларының ӛздеріне тән
айқындалу дақтары болады.
Солу – ӛсімдіктердің жеке мүшелерінің
немесе оның ағзасының
тұтасымен
тургорлық
күйін
жоғалтуы,
одан
соң
және
де
саңырауқұлақтармен, бактериялармен немесе қоршаған ортаның қолайсыз
жағдайларының салдарынан ӛсімдік тамырының немесе ӛткізгіш ұлпаның
зақымдануы. Инфекциялық солу нәтижесінде сабақтың немесе жапырақ
сағағы ӛткізгіш түтікшелерінің қараюын байқауға болады.
Ӛңез – бұл тек саңырауқұлақтар қоздыратын ауруларға ғана тән
белгі.
Дақтардың, кейде сырт кӛзге сау ӛсімдіктердің бетінде
саңырауқұлақтардың мицелийлері және (немесе) түкті немесе мақта тәрізді
спора түзілімдері түзіледі. Саңырауқұлақ түріне байланысты ӛңез ақ,
қызғылт, сары, боз, қоңыр, қара немесе басқа түсті болуы мүмкін. Мысал
ретінде ақ ұнтақ деп аталатын кең тараған ауру түрін айтуға болады. Бұл
ауруға шалдыққан ӛсімдік мүшелерінің бетінде (әдетте жас ӛсімдіктерде)
ақ немесе сәл қызғылттау ӛңез пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: