Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет40/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

Пиреномицеттер қатарлар тобы. Бұл саңырауқұлақтар даму 
циклінде негізінен перитецийлер түзеді. Клейстотецийлер түзуі сирек 
кездеседі. Бұл топтың ішінде ӛсімдіктердің қауіпті ауруларын қоздыратын 
саңырауқұлақ қатарлары кездеседі. 
Эризифтілер немесе Ақ ҧнтақтылар қатары (Erysiphales). Бұл 
саңырауқұлақтар даму циклінде клейстотецийлер мен конидиалды 
споралар түзеді. Қатардың барлық түрлері де «ақ ұнтақ» деп аталатын 
ауруды қоздыратын облигатты паразиттер. 
Дәнді дақылдардың ақ ұнтақ ауруының қоздырғышы – Eryziphe 
grаminis D.C., қызылшаның ақ ұнтағының қоздырғышы – E. communis F. 
betae Jacz., алманың ақ ұнтағының қоздырғышы – Podosphaera leucottricha 
Salm., асқабақ тұқымдасының ақ ұнтағының қоздырғышы – Sphaerotheca 
fuliginea Poll. тағы басқалары Эризифтілер қатарының ӛкілдері болып 
табылады. Қатар ішінде туыстарға бӛлінуі клейстотийдің мицелиалдық 
қосалқылары мен жеміс денелеріндегі қалталар санына негізделеді. 
Оомицеттер класымен танысқанда сипатталған жалған ақ 
ұнтақтармен салыстырғанда нағыз ақ ұнтақ аурулары тӛмендегідей 
ерекшеліктерімен сипатталады: 
мицелийі кӛп клеткалы, залалданған ұлпалардың ұдайы бетінде 
дамиды, клеткаларға тек гаусторийлері енеді
ӛсімдіктердің кеселмен залалдануы ауаның салыстырмалы 
ылғалдылығының шекті аралықтары алшақ болады. Спора ӛнуі барысында 
промицелий сау ұлпалар арқылы енеді. 
8-сурет. Ақ ҧнтақ ауруын қоздыратын саңырауқҧлақтың даму 
схемасы: 
1 – жіпшумағы; 2 – конидий тізбектері; 3 – конидийлер; 4 – гаусторийлер


51 
Ақ ұнтақ ауруының белгілері – жас ӛсімдіктің топырақ беті 
мүшелерінде немесе жапырақтарында (үстіңгі және астыңғы беттерінде) ақ 
түсті ұнтақты ӛңез пайда болады (9-сурет). Бұл ӛңез ұлпа бетінде 
орналасқан мицелий және жыныссыз, тізбектелген бір клеткалы сопақша 
конидийлердің кондиалдық спора түзуі болып табылады. Конидийлер 
ӛсімдіктердің екінші қайтара (вегетация кезінде) залалдануын туындатады. 
Біраз уақыттан соң саңырауқұлақ мицелийлерінің бетінде кӛзге кӛрінетін 
қоңыр немесе қара нүктелер түрінде клейстотецийлер түзіледі. 
Клейстотецийлерде бойында споралары бар қалталар түзіледі. Қалталар 
ауру қоздырғыш саңырауқұлақтардың қолайсыз жағдайларда сақталу 
формасы болып табылады. 
Пиреномицеттер қатарына сол сияқты Гипокрейлілер (Hypocreales), 
Сфералылар (Sphaeriales) және Қастауыштылар (Clavicipitales) қатарлары 
жатады. 
Дәнді 
дақылдардың 
фузариоз 
ауруын 
қоздыратын 
саңырауқұлақтар Гипокрейлілерге (қалта кезеңінде) жатады. Сфералылар – 
негізінен шалғын шӛптерінің қара дақ ауруын қоздыратын сапротрофтар. 
Қастауыштылар қатарының кӛпшілік ӛкілдері – паразиттер. 
Олардың 
ішінде 
ауылшаруашылық 
дақылдарының 
ауруларының 
қоздырғыштары. Ең жиі кездесетін түрі – қара бидай қастауышы (Claviceps 
purpurea Tul.). Олардың даму циклінде склероцийлер жиі түзіледі. 
Кезегінде склероцийлерден, ішінде перитециялар бар, басты стромалар 
ӛсіп шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет