52
Дискомицеттер қатарлар
тобы.
Бұл саңырауқұлақтардың
ерекшелігі - ашық жеміс дене – апотеций түзеді.
Апотеций пішіні
бойынша табақша, немесе шүмек тәрізді, орналасуы бойынша – отырықты
немесе аяқты болады. Бұл саңырауқұлақтардың ерекшелігі – әдетте
конидиалдық кезеңі болмайды. Бұл топтың ішінде ең маңыздысы –
Гелоциелілер қатары (Helotiales). Осы қатарға жататын Sclerorotinia
туысының ӛкілдері ӛсімдіктердің склеротиниоз немесе ақ шірік ауруын
қоздырады. Әдетте ақ шірік ауруымен залалданған ӛсімдік
ұлпасы
алғашында суланады, біраздан соң заладалған ұлпа учаскесінің бетін мақта
тәрізді саңырауқұлақ мицелиінен тұратын ӛңез басады. Ол біртіндеп
отырып, тығыздалып ірі қара-қошқыл склероцийлер түзеді. Олардан кейін
мицелий немесе апотецийлер ӛсіп шығады.
Апотецийлердің бойында
споралы қалталар түзіледі. Бұл саңырауқұлақтардың конидиалды спора
түзу кезеңі болмайды.
Ең кең тараған түрі
Sclerotinia sclerotiorum Lib. – күнбағыс,
сәбіз
және басқа да бірқатар дақылдардың ақ шірік ауруының қоздырғышы.
Pseudopeziza туысының саңырауқұлақтары жоңышқаның, бұршақтың, қара
қарақаттың жапырақтарының дақ ауруын қоздырады.
P. medicaginis –
жоңышқа жапырығының қоңыр дақ ауруын қоздырады.
Осы топқа жататын тағы бір қатар –
Фацидий тәрізділер
(
Phacidiales). Олардың арасында ӛсімдік қалдықтарымен қоректенетін
сапротрофт саңырауқұлақтармен қатар ӛсімдік
паразиттері де кездеседі,
мысалы шиенің коккомикоз ауруының қоздырғышы –
Coccomyces hiemalis
Higgins.
Достарыңызбен бөлісу: