61
Омела. Омела
Ремнецветный тұқымдасының Viscum туысына
жататын жартылай паразит ӛсімдік. Ең кӛп
тараған Vіscum album – ақ
омела, ағаштар мен бұталарды залалдайды. Омеланың ризоидтары ағаш
сүрегіне енеді. 3-5 жылдан соң ӛсіп
шыққан жасыл сабақ пен
жапырақтарының кӛмегімен органикалық заттарды синтездейді. Ал ие-
ӛсімдіктен минералды
қоректік заттар мен су алып, оны әлсіретеді.
Омеланың сабағы жалаңаш, жасыл, дихотомиялы бұтақталған.
Жапырақтары қалың, пішіні ұзынша, қысқа сағақта қос-қостан орналасқан.
Гүлдері сарғылт-жасыл түсті, топтасып орналасқан. Жемісі – жидек,
алғашқыда жасыл, кейін ақ түсті. Тұқымы қыста пісіп, құстармен тарайды.
Висцина деп аталатын жабысқақ затпен
ағаштардың бұтағына жабысып,
кӛктемде кӛктеп ӛседі.
Омела негізінен Шығыс Европа, Балтық теңізі жағалауындағы және
Кавказ елдерінде кездеседі.
62
8-тарау. Ӛ С І М Д І К Т Е Р Д І Ң А У Р У Л А Р Ғ А
И М М У Н И Т Е Т І Н І Ң Н Е Г І З Д Е Р І
Ауру қатты тараған кездің ӛзінде де (эпифитотий) жеке ӛсімдіктердің
ауруға шалдығу дәрежелері бірдей болмайды. Бұл ӛсімдіктің
ауруға
тӛзімділігімен және иммунитетімен байланысты.
Иммунитет дегеніміз
инфекцияның таралып, жетілуіне қолайлы жағдай болғанның ӛзінде де
ӛсімдік формаларының ауруға шалдықпау қабілеті. Ал ағзаның
инфекцияға бой бермей қарсы тұру қабілеті –
төзімділік деп аталады.
Ӛсімдіктердің бұл екі қасиетінің кӛбіне бір-бірінен
ажыратпай қарастыру
қажет.
Тӛзімділік пен иммунитет – ағзаның күрделі динамикалық күйі. Бұл
қасиет ӛсімдік ағзасының, ауру қоздырғыш
ағзасының және сыртқы орта
жағдайларының ерекшеліктеріне байланысты. Ауыл шаруашылық
дақылдарының ауруларға тӛзімді сорттарын шығару үшін тӛзімділік
қасиеттің туындау себептерін және
осы қасиеттің заңдылықтарын
зертеудің маңызы ерекше.
Достарыңызбен бөлісу: