57
Сферопсидалділер, немесе Пикнидиалділер. Ал спора түзбейтіндер
Стерилді саңырауқұлақтар қатарына жатады.
Гифомицеттер қатары (Hyphomicetales). Спора түзу тікелей
мицелийде жүреді. Саңырауқұлақ мицелийлерін залалдалған ӛсімдік
мүшелерінің бетіне түскен ӛңез күйінде байқауға болады. Бұл қатарға
жататын саңырауқұлақтар конидия
тасушылар мен конидиялардың
морфологиясына (тармақталуы, клеткалы болуы, пішіні, түсі т.б.)
негізделген кӛптеген туыстардан тұрады.
Fusarium туысы – конидийлері түссіз, кӛп
клеткалы, орақ тәрізді.
F.
lini Bolley – зығырдың солу ауруының қоздырғышы,
F. oxysporum Schlecht
асбұршақ ауруының қоздырғышы,
астық дақылдарының фузариоз
ауруының қоздырғышы –
F. graminearum Schw. және басқалары.
Botrytis туысы – конидиятасушылары тарамдалған, конидийлері бір
клеткалы, сопақша, конидиятасушыларының ұшында жинақталған. Ең жиі
кездесетін түрі
B. cinerea Pers –
асбұршақ, қызылша, рапс, қырыққабат,
сәбіз т.б. дақылдардың боз шірік ауруының қоздырғышы.
Drechslera (Helminthosporium) туысы – конидиятасушылары жақсы
жетілген, конидийлері ұзынша, кӛп клеткалы, зең түстес. Арпаның
жолақты дағының қоздырғышы –
D. graminea Ito және арпаның торлы
дағының қоздырғышы –
D. teres Ito осы туысқа жатады.
Cercospora туысы – конидиятасушылары
бірігіп жинақталған,
конидийлері ұзын, ұршық тәрізді, түссіз, бірнеше жерден бӛлінген. Бұл
туысқа қызылшаның церкоспороз ауруының қоздырғышы
C. beticola Sacc
жатады.
Alternaria,
Macrosporium
туыстары
–
конидиятасушылары
қарапайым, дара немесе бірігіп жинақталған, конидийлері шоқпар немесе
жұмыртқа пішінді, қоңыр түсті. Кӛптеген дақылдардың дақ ауруларын
қоздырады, мысалы картоптың макроспориоз ауруының қоздырғышы –
M.
solani Ell.
Достарыңызбен бөлісу: