58
пикноспоралар, пикнидалардың ішінде, олардың қабырғаларында түзіледі.
Ауру белгілері – дақ (ӛңезсіз), немесе құрғақ шірік.
Бұл қатарға жататын саңырауқұлақтардың туыстарға бӛлінуі
пикноспоралар мен пикнидалардың пішіні мен құрылысына негізделеді.
Phoma туысы – пикноспоралары ұсақ, бір клеткалы, түссіз. Бұл
туысқа картоптың фомоз ауруының қоздырғышы
Р. exuqua Desm.
Ascochyta туысы –
пикноспоралары бір, кейде бірнеше бӛліктерден
тұрады, түссіз. Осы туыстың ӛкілі асбұршақтың аскохитоз ауруының
қоздырғышы
A. pisi Lib.
Septoria туысы – споралары түссіз,
жіп тәрізді, кӛп клеткалы. Бұл
туыс ӛкілдері –
S. nodorum Berk және
S. tritici Rob.
дәнді дақылдардың
септориоз ауруын қоздырады.
Мицелиалдылар, немесе
Стерилділер қатары (Myceliales). Спора
шашпайды. Даму циклінде склероция (сақталу формасы) және вегетативтік
мицелийі болады. Картоптың ризоктиноз ауруының қоздырғышы –
Rhizoctonia solani Kühn
, осы қатарға жатады. Бұл қатарға күнбағыс, үрме
бұршақ, пияздың шірігі ауруының қоздырғыштары
осы қатарға кіретін
Sclerotium туысына жатады.
Достарыңызбен бөлісу: