Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


 Ӛсімдіктердің ауруларға тӛзімділік қасиетіне



Pdf көрінісі
бет51/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

8.2 Ӛсімдіктердің ауруларға тӛзімділік қасиетіне
әсер ететін факторлар 
Ӛсімдіктердің ауруға тӛзімділік қасиетін – бүкіл патологиялық үрдіс 
бойына ӛсімдік ағзасының бойындағы қорғаныш факторларының 
жиынтығы деп қарастырылуы қажет. Барлық қорғаныш факторлары 
мынадай 2 топқа ажыратылады: патогеннің ӛсімдік ағзасының бойына 
енуіне тосқауыл болатын факторлар (аксения); патогеннің ӛсімдік 
ұлпасына енгеннен соң таралуына тосқауыл болатын факторлар (нағыз 
тӛзімділік). 
Бірінші топқа морфологиялық, анатомиялық және физиологиялық 
сипаттағы факторлар немесе механизмдер жатады.
Анатомиялық-физиологиялық факторлар. Патогенді ағзаның 
ӛсімдік ағзасының бойына енуіне ең алдымен кедергі болатын – табиғи 
қалыптасқан тосқауыл механизмдері: ӛсімдік мүшелерінің жабын 
ұлпасының 
қалыңдығы, 
леп 
тесігі 
саңылауының 
құрылысы, 
жапырақтардың түктілігі, балауыз ӛңездің болуы, ӛсімдік мүшелерінің 
құрылыс ерекшеліктері т.б. Ӛсімдік мүшелерінің жабын ұлпасының 
қалыңдығы ӛсімдік бойына ұлпасы арқылы енетін патогендерге қатысты 
қорғаныш фактор болып табылады. Ең алдымен бұлардың қатарында 
Оомицеттер класына жататын ақ ұнтақ ауруының қоздырғыш 
саңырауқұлақтарын атауға болады. Леп тесігінің құрылыс ерекшелігі 
бактериалдық аурулар, жалған ақ ұнтақ, тат ауруларын қоздыратын сияқты 
патогендер үшін маңызы бар. Әдетте тығыз жабылатын леп тесігі арқылы 
патогендердің енуі қиындайды. Жапырақ түктілігі ӛсімдіктерді вирустық 
аурулардан және вирустарды тарататын насекомдардан қорғайды. 
Жапырақтар мен сабақтардың бетінде балауыз ӛңезі болса олардың бетінде 
су тамшысы (тамшы күйіндегі су) тұрмайды, сондықтан патогенді 
саңырауқұлақтар жіпшелері ӛсіп, ӛсімдік бойына енуі үшін қажетті тамшы 
күйіндегі су болмайды. 
Ӛсімдіктердің габитусы мен жапырақтарының пішіні де ауру 
бастамасының таралуына тосқауыл болады. Мысалы, пәлегі жайылып 
ӛсетін картоп сорттары фитофтороз ауруына сирек шалдығады. Сол 
сияқты ӛсімдіктің жапырақ беті неғұрлым жіңішке болса, соғұрлым оның 
бетіне отыратын споралар саны да аз болады. 
Ӛсімдіктердің жеке мүшелерінің тӛзімділікке әсерін келесі мысалдан 
кӛруге болады: қастауыш ауруына қара бидай жиі шалдығады, ал бидай – 
ӛте сирек. Бұның себебі ӛздігінен (жабық) тозаңданатын бидай гүлінің гүл 


64 
қауыздары ашылмайды, сондықтан гүл ішіне патоген ене алмайды, ал 
айқас тозаңданатын қара бидайдың тозаңдануы гүл шоғыры жапырақ 
қынабынан шыққаннан соң жүретіндіктен (ашық гүлдейтіндіктен) гүл 
ішіне қоздырғыш спорасының енуіне тосқауыл бола алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет